Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ұлттық экономика вице-министрі Ілияс Өсеровке қатысты тергеу бастады. Ақпарат расталды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің баспасөз қызметі вице-министрге қатысты тергеудің басталғаны туралы ақпаратты растайды", - деді тілшіге.
Еске салайық, 2022 жылдың 2 мамырында Ілияс Өсеров ұлттық экономика вице-министрі болып тағайындалды.