Украина босқындарына тегін пәтері мен пана ұсынған қазақстандықтар сынға қалды

Украина босқындарына тегін пәтері мен пана ұсынған қазақстандықтар сынға қалды

Қазақстандықтар Украина босқындарына көмек қолын ұсынып жатыр. Олардың арасында қоғам қайраткерлері де бар. Алайда тегін пана ұсынғандарды сынағандар да табылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Журналист Бақытжан Бұқарбай Алматыдағы пәтерін тегін беретінін хабарлады.

“Құрметті Украина азаматтары! Егер сіздер біздің елде қиын жағдайға ұшырасаңыздар, сіздерге қолдау көрсетуге дайынмын. Алматыдағы пәтерді тегін тұруға ұсынуға дайынмын”, – деп жазды журналист.

Қазақстандағы Украиндағы азаматтарға қолдау көрсетуге дайын екенін жазғандардың бірі қоғам қайраткері Арман Шораев болды.

“Белгілі бір себептерге байланысты Қазақстанда, біздің елде жүрген Украина азаматтары! Тегін тұруға отбасылық Aurora Garden Zerenda нөмірлерін беруге дайынмын!”, – деп жазды ол желідегі парақшасында.

Алайда алыстағы мұқтаждарға көмектескенге, жақын жердегі қаңтар төңкерісінен зардап шеккендерге назар аударуға шақырғандар да бар.

“Бұл әрине керемет. Бірақ мәселе біздің қазақстандықтарға, қаңтардың қанды күндерінде жапа шеккендерге неге мұндай көмек ұсынылмады. Мұнда украиналықтар да көп емес қой”, – деп жазды желі қолданушыларының бірі.

Алатау ауданы "Бақытты отбасы" орталығының басшысы Ақмарал Басирова желіде Украина азаматтарына көмек ұсынғандарды сынады. 

“Бірнеше күн бойы достарымның Украиналық босқындарға баспана беруге дайын екендіктері жайлы мәлімдемелерін оқыдым. Әртүрлі көмек, соның ішінде қаржылық, киім және т.б. қолдау бар”, – деп жазды ол.

Басированың сөзінше, мұндай посттар популизм және адамдар қайғысын пайдаланып лайк жинау, себебі бұл адамдар олардың пәтеріне бара алмайтыны рас. 

“Сіздер қаңтар оқиғаларында азапталған жас жігіттерге көмектесуді ұмытқан сияқтысыздар. Ал күйеулері қамауға алынғаннан кейін пәтерден шығарылған жесірлер мен балалар ше? Көзі мен бүйрегіне бірнеше операция жасауға мәжбүр бірнеше баласы бар адамға пана болғыңыз келмейді ме?

Ал әйелдер мен аналарға  жерлеу рәсімін ұйымдастыруға ақша жіберуге қалай қарайсыз? Немесе көлікте оқ атылып, анасыз қалған балаларды киіндіргіңіз келмей ме? Айтпақшы, мен оларды айыптамаймын, тек олардың жанымызда жүргендерге көмек беруін ұсынамын!”, – деп жазды ол.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста