Алматы облысының Ұйғыр ауданында Қазақстан Республикасындағы тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы жүзеге аспаған. Бұл жайтты жергілікті прокуратура анықтады.
Алматы облысы прокуратурасының баспасөз қызметінің хабарлауынша, Ұйғыр аудандық прокуратурасы аудандағы мемлекеттік мекемелерде тіл туралы заңнаманың дәлме-дәл және бірыңғай қолданылуына қатысты тексеріс жүргізді. Тексеріс барысында ауданда ҚР Үкіметінің 2011 жылдың 29 тамызында бекітілген «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2011-2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының» орындалмай жатқаны белгілі болды. Ал ҚР «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңының 25-3-бабының 1-бөлігіне сәйкес, ауданның жергілікті атқарушы органы ауданның аумағында тілдерді қолдану және дамытудың өңірлік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлейді және оның жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді деп көрсетілген. Прокурорлар аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманының, бөлім басшысының, «Мемлекеттік тілді оқыту орталығы» директорының өздеріне жүктелген қызметтік міндеттеріне немқұрайдылықпен қарағандығынан және аудан әкімінің орынбасары Дәулетжан Деменбаев тарапынан бақылау болмағандықтан, тіл заңнамасының талаптары өрескел бұзылған деп отыр. Сол себепті ҚР Президентінің 2011 жылғы 29 маусымда №110 Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасындағы тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының» аудан көлемінде жүзеге аспауы ықтимал болған.
Анықталған фактілер бойынша аудан әкіміне заң бұзуды жою және алдағы уақытта болдырмау туралы ұсыныс енгізілді.
Ұйғыр ауданында мемлекеттік бағдарлама орындалмай отыр
Последние статьи автора