Үй иесін 1,5 миллионға жуық қарызға отырғызып кеткен күдікті әйел анықталды

Үй иесін 1,5 миллионға жуық қарызға отырғызып кеткен күдікті әйел анықталды

Сайрам аудандық полиция басқармасына жергілікті тұрғын алаяқтың құрбаны болғанын айтып шағым түсірді. Зардап шегуші әйелдің айтуынша, ұялы телефонына қарызды төлеу туралы банк хабарласы келгенін, алайда өзінің несие алмағанын айтып мәлімдеді. Келтірілген шығын көлемі 1 жарым миллионға жуық. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркелді.
Полицейлер алаяқтық істі ашу үшін жедел-іздестіру шараларын жүргізді. Бір тәулік ішінде полицейлер күдіктінің кім екенін анықтады. Ол жәбірленушінің үйінде тұратын пәтер жалдаушы әйел болып шықты.
Алаяқ үй иесінің сеніміне кіріп, ұялы телефоны алдап сұрап алып, банк қосымшасы арқылы 700.000 теңге несие рәсімдеген. Одан бөлек банк есеп шотындағы қаржыны өзіне аударып, қажетіне жұмсаған.
Сондай-ақ мобилдік қосымша арқылы 470.000 теңге несие алып және бұдан бөлек тағы да онлайн желілерденде екі несие алып, үй иесімен бірге түк болмағандай төрт ай бірге тұрып келген.
Бүгінде күнәсін мойындаған күдікті әйелге қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста