Ақтөбелік әйел емханалардың бірінде жасанды түсік жасатамын деп ана болу бақытынан айырылды. Сол үшін емхана дәрігерлеріне 800 мың теңге айыппұл төлетпек.
Оқиға былай болыпты: әйел 2011 жылдың желтоқсанында бір емханада жасанды түсік жасатқан. Алайда кейін ота жасаған дәрігердің жатырды толық тазартпағаны анықталған. Әйел ауырып, ауруханаға барады. Мұндағы дәрігерлер жасанды түсіктің толық жасалмағанын айтып, жатырда қалып қойған плацента қалдықтарын алып тастауға шешім қабылдайды. Алайда ота жасау кезінде жатыр тесіліп кетіп, ішектерге зақым келеді. Сараптау комиссиясы ота жасатпас бұрын жатырдың қабынуын емдеп алу қажет болғанын анықтаған. Ақырында дәрігерлер «ішекке зақым келе отырып, жатырдың тесілуі» диагнозымен жедел жәрдем ауруханасына түскен әйелдің өмірін сақтап қалу үшін жатырды алып тастауға мәжбүр болған.
Осы оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалып, сот емхана мен аурухана дәрігерлерін кінәлі деп тапты. Және талапкерге бірінші медициналық мекемеден 300 мың теңге, екіншісінен 500 мың теңге залал өндіріп алу туралы шешім шығарды. Сот шешімі күшіне енген жоқ.
Түсік жасатамын деп жатырынан айырылды
Последние статьи автора