Түркістанда кіші балаларды аяусыз ұрған оқушылардың кім екені анықталды

Түркістанда кіші балаларды аяусыз ұрған оқушылардың кім екені анықталды

Түркістанда оқушыларды аяусыз ұрып-соғып, видеоға түсірген жасөспірімдерге қатысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Алмас Садубаев хабарлады.

Айта кетсем, кеше ғана әлеуметтік желіде оқушылардың бір-біріне жасаған озбырлығы түсірілген бейнежазба лезде таралып, қоғамның нарызылығын тудырған еді. Қазір бұзақылық жасағандардың барлығы анықталыпты. Жасөсірімдердің адам шошырлық әрекетке баруына не себеп? Жалпы бүгінгі балалар неліктен қатігездік танытуға бейім? Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде қоғамның ашуын туғызған бұл видео кешелі бері тарап жүр. Онда бір топ оқушының өздерінің қатарластарына әлімжеттік жасап, ойына келгенін жасауға тырысқаны көрінеді. Әуелі олар жеткіншектердің тілін темекімен күйдірек болады.

Оқиға Түркістан қаласындағы 4 мектептің 9-сынып оқушылары арасында сабақтан тыс уақытта болыпты. Яғни, кешкі сағат 5-тің шамасында. Нөмірі 18-мектептің директоры олардың арасында бұған дейін кейкілжің болмаған дейді. Ал таяқ жеген балаларды бұзақылар үйірмеге бара жатқан жерінен ұстап алыпты.

“Бекзат ауылында 3 мектеп орналасқанбыз. Үшеуінің де балалары өте ынтымақты. Біріміздің мектебімізге барып тұрамыз. Бірақ, соңғы 4-5 жылдың көлемінде мұндай жағдай болған емес. Бізде өзіміз төбемізден жай түскендей болып отырмыз” – дейді №18 мектептің директоры Дәулет Құдайбергенов.

Қазір оқушыларды тізелетіп отырғызып, ұрып-соққан оқушылар бұзақы балалардың есебінде болмаған. Көпшілігі оқу озаттары екен. Ал таяқ жеген балалардың жағдайы жақсы. Сабаққа қатысып жүрген көрінеді. Дегенмен, қалалық білім бөлімінің басшысы тергеуден кейін оқиғаның алдын алмаған қызметкерлер анықталса, оларға шара қолданамыз деп отыр.
“Жалпы осы оқиғаға не себеп болды, соны анықтап жатырмыз. Тергеу амалдарының қортыныдысы шыққаннан кейін, тиісті азаматтарға, жалпы осы оқиғаға жол берген, оның алдын-алу барысында жұмыс істемеген қызметкерлерге тиісті шара қолданатын боламыз” – дейді қалалық білім бөлімінің басшысы Ақмарал Батырбекова.

Жалпы соңғы кезде месенджерлер мен видеохостингті сайттарда өрімдей жастардың құрбысын сабап жатқаны, боламаса адамды өлтіруге дейін апарған жағдайлар көз үйренген көрініске айналып барады.

Төменгі сыныптағы оқушыларға әлімжеттік жасап, бірін-бірі қан жоса қылып сабағандар «біз мынандай ерлік жасадық» деп мақатанатындай. Бесіктен белі шықпағандардың тәртіп озбырлығы мен қатыгездігіне кімді кінәлаймыз? Олар неге мұндайға барады?

“Бүгінгі күнде ата-ана өзінше есеп алғаны дұрыс. Бүгін балам отбасына келген кезде, мектепте қандай жағдай болды? Демек оның өміріне, тыныс-тіршілігінен хабардар болып тұрғаны дұрыс. Демек оған эмоцианалдық жақындық керек. Сонда ғана бала ата-ананың қамқорлығында екенін біліп, жағымсыз әсерлерін бере бермейді” – дейді психолог Жаңагүл Егембердіқызы.

Психологтар балаларға ұлттық болмысты, патриоттық сезім мен айналасындағы жолдастарын өзімен тең санауға үйрету әрбір ұстаз бен ата-ананың міндеті дейді. Соны бойына сіңіріп өскен жастың бойында агрессияға бейім мінез-құлық болмайды. Жалпы, БҰҰ-ның балалар қорының өткен жылғы мәліметінше, әлемде әрбір 7 минутта бір жасөспірім зорлық-зомбылықтан көз жұмады екен. Ал елімізде өткен жылы балалардың қатысуымен 2 мыңға жуық қылмыс жасалып, оның 13-і кісі өлімімен аяқталған.

Stan.kz 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста