Ордабасы аудандық полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторлары қызмет атқару кезінде, өздеріне бекітілген аумақта бұрын-соңды көрмеген, таныс емес тұрғынды байқап, тоқтатады. Оның жеке басын анықтау кезінде, қалтасынан ақ қағазға оралған күмәнді зат табылады.
Табылған есірткі заты айғақты зат ретінде тәркіленіп алынып, сараптама тағайындалды. Зерттеу қорытындысы бойынша ол «кептірілген марихуана» болып шықты. Оның жалпы салмағы 3 грамнан асады.
Қазіргі таңда орын алған оқиғаға байланысты ҚР ҚК-нің 296-бабы "Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу" бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.
Жалпы учаскелік полицейлер жергілікті тұрғындарға қылмыстардың алдын алу, болдырмау бағытында әкімшілік және қылмыстық заңнама нормаларын түсіндіріп, профилактикалық әңгімелесулер жүргізуді күн тәртібінен түсірген емес.
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі