Түркиядағы жер сілкінісіне байланысты шұғыл желі ашылды - СІМ

Түркиядағы жер сілкінісіне байланысты шұғыл желі ашылды - СІМ

Сыртқы істер министрілігінің ресми өкілі Айбек Смадияров БАҚ өкілдерімен өткен брифингіде Қазақстан азаматтары мен олардың туыстарына арналған шұғыл желі ашылғанын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«ҚР Сыртқы істер министрлігінде 72-05-00 нөмірі бойынша жедел желі ашылғанын хабарлаймыз. Осы телефон арқылы азаматтарымыз бен олардың туыстары көмек сұрай алады. Бұдан басқа жақын арада Түркиядағы Қазақстанның дипломатитялық өкілдіктерінің шұғыл байланыстары қосымша жарияланады. Барлық келіп түскен ақпараттар қосымша тексеріледі», - деді Айбек Смадияров.

Еске салсақ, Түркияның оңтүстік-шығысында болған зілзаладан қаза тапқандар саны 2 921 адам екені хабарланған еді. Соңғы деректер бойынша, апатан зардап шеккендер саны 3 419-ға жеткен.

Бүгін таңертең Қазақстан ТЖМ 41 құтқарушысы апат салдарын жоюға көмек көрсету үшін Түркияға жетті.

Қазіргі таңда Түркияда қалған Қазақстан азаматтарын Газиантеп қаласынан елге әкету шаралары жүргізіліп жатыр. Елге қайтамын деген Қазақстан азаматтары 7 ақпан сағат 12:00-де Газиантеп қаласының әуежайында тиісті процодурадан өтіп, дайын болуы тиіс. Сонымен қатар, Қазақстанға оралуға ниетті азаматтар тізімін жасау үшін +90 538 8807041, +90 3124919100 телефон нөмерлеріне хабарласуы керек.

Айта кетсек, Қазақстан Ауыл шаруашылығы министрлігі Түркиядағы жағдайға байланысты азық-түлікпен гуманитарлық көмек көрсетуге дайын екенін мәлімдеді.

ҚазАқпарат

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста