Түркияда «Қазақ елі» деп аталатын жаңа журнал жарық көрді
Қазақ және түрік баспасөзі «Қазақ елі» деп аталатын Түркияда жаңа басылыммен толықты.
Ыстамбұлда жарық көрген бұл журналдың алғысөзінде Қазақ-түрік білім және зерттеу қауымдастығының президентті Серкан Дінчтүрік: «Құрметті оқырмандар, Қазақ-түрік білім және зерттеу қауымдастығының бастамасымен жарық көрген «Қазақ елі» атты журналымыз қазақ және Түркі әлеміне пайдалы болуына тілектеспін... Жарық көрген журналымызда Қауымдастығымыздың іс-шараларын қоғамдық өмірде болып жатқан жаңалықтарын құрметті оқырмандарға жеткізіп, арамыздағы жетістіктерді таныстыра отырып, мәдениетімізден де үзінділер ұсынамыз. Түрік әлемінде болып жатқан күнделікті жаңалықтарды зерттей отырып, Сіздерге жеткізуге тырысамыз», – дейді.
Онда Еуразия университетінің журналистика мәселелерін зерттеу институтының директоры Намазалы Омашевтың «Қазақ елі», Қазақстанның Түркиядағы Елшісі Жансейіт Түймебаевтың Қазақстан мен Түркияның байланыстары туралы, Қазақ-түрік білім және зерттеу қауымдастығының құрметті төрағасы Якуп Жанның «Мақсатымыз Қазақ еліне лайықты жастар тәрбиелеу», Еуразия түрік қауымдастығы федерерациясының төрағасы Исмаил Женгиздің «Түркі әлемінің жарқын келешегі», Хызырбек Гайреттулахтың «Көш», Құддус Чолпанның «Зуқа батыр», Ерлік Ержанұлының «Өсімдіктердің төл атауын қалпына келтіруге бола ма?» деген мақалалары жарияланған.
Ерлік Ержанұлы