Түлкібас аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғындардың бірі шағым түсірді. Жәбірленушінің айтуы бойынша көшелердің бірінде тұрған оның «Wolkswagen Passat» маркалы автокөлігін белгісіз біреу айдап кеткен.
Оқиға орнына жылдам жеткен полицейлер жедел-тергеу тобын құрып, автокөлікті айдап кеткен күдіктіні іздеуге кірісті. Тәртіп сақшылары ауыл аймақты аралап, куәгерлерден жауап алды. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде 2 сағатта көлікті айдап кеткен жергілікті тұрғын анықталды.
Полиция қызметкерлері күдіктіден ұрланған көлікті айғақты зат ретінде тәркілеп, заңды иесіне қайтарылды.
Аталған факті ҚР ҚК-нің 200-бабы «Автомобильді немесе өзге де көлік құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу» бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі