Қыс маусымында қазу жұмыстарын тоқтатуға мәжбүр болған археологтер біраз уақыттық демалыстан кейін «Ежелгі Тараз» аумағындағы жұмыстарын қайта бастады. Күрек тиген алғашқы қадам сәтті болды.
Зерттеушілер ежелгі монша орнын тапты. Оған арнайы су құбыры жүргізілген. Керемет керамиканың сынықтары мен теңгелер де табылды. Археологиялық қазба жұмыстары «Археологиялық зерттеу» мекемесі мен лондондық колледж ұжымымен бірлесе жүргізілуде. Әзірге қазу жұмыстары аз ғана аумақты қамтып отыр. Бірақ табылып жатқан құнды дүниелер қомақты. Моншаның қабырғасына қаланған қам кірпіштердің ғалымдар VIII-IX ғасырларға жататынын айтуда. Жылу беретін еден және ыстық су беретін құбырлардың құрылысы осы уақытқа дейін жақсы сақталған. Жәдігерлерге қарап, сол уақыттың өзінде Таразда су құбырының жүргізілгені белгілі болып отыр. Зерттеулер қалада зергерлік, темір ұсталығы мықты дамығандығын көрсетіп берді. Жолдар тас плиталармен жабылған. Ежелгі Таразда қоладан жасалған «түргеш теңге» деген жазуы бар ақша табылды. «Осында құйылған теңгелермен есеп айырысу Орталық Азияда VIII және X ғасырларда орын алған» дейді ғалымдар. Керамикалық бұйымдар мұнда түрлі ислам, христиан, будда діндері өкілдерінің ғұмыр кешкенін дәлелдейтіндей.
Түргеш теңгесі табылды
Последние статьи автора