Тұңғыш Президенттен алғаш сұхбат алған журналист

Тұңғыш Президент Н.Назарбаевтан алғаш сұхбат алған журналистердің бірі Қызылорда қаласында тұрады. Дәлірек айтсақ, журналист-дипломат, қоғам қайраткері Ержан Уәйіс осыдан тура 26 жыл бұрын – 1991 жылы 1 желтоқсанда Нұрсұлтан Әбішұлымен әңгімелескен, деп хабарлайды Baq.kz агенттігінің өңірдегі тілшісі.

Ержан Уәйіс Елбасының Қазақстанды өсіп-өркендету жолындағы ізгі мақсат-мұраттарының куәсі болып келе жатқанын жеткізді.

Фото авторы: Ибраш Әли

«Маған Тұңғыш Президенттің қолдауымен тәуелсіздікке алғаш қадам басқан күндері шетелде аккредитацияға тіркелген Түркия Республикасындағы тұңғыш қазақ тілшісі болу бақыты бұйырды. Бұл Алланың үлкен сыйы еді. Сонымен қатар, Нұрсұлтан Әбішұлы – тәуелсіз Қазақ елінің Тұңғыш Президенті болып сайланған сәтте Елбасынан ең бірінші болып қазақ теледидарына сұхбат алу бақытына да ие болдым. Осы сәт мені қанаттандырды, ақ жолға жетеледі. Елбасы тәуелсіз Қазақстанның Президенті ретінде алғашқы ресми сапарын Түркия мемлекетінен бастағанда ең бірінші болып екі ел арасында тікелей бейнерепортаж жасауым мен үшін теңдесі жоқ бақыт болды. Сол кезеңдерде Елбасының ел ішіне, шет мемлекетке жасаған сапарының барлығында жанында жүріп, журналистік сараптама жасауым менің өміріме жаңаша серпін беріп, болашақ бағытымды айқындауға қол жеткізді. Оншақты жылдай уақыт дипломатиялық қызмет атқарып, Түркия Республикасының Ыстанбұл қаласында бас консул ретінде екі елдің арасында достық көпірін қалыптастыруға үлес қосқанымды мақтан тұтамын», – дейді қоғам қайраткері.

Журналист-дипломаттың айтуынша, 1992 жылғы қазанның 30-31 күндері Анкарада сол кездегі Түркия Президенті Тұрғыт Озалдың бастамасымен түркі тілдес мемлекеттер басшыларының І саммиті шақырылған. Бұл жиында Тұрғыт Озал «Ата жұртымыз – Қазақстан. Бабаларымыз Атажұрттан Анадолыға атпен келсе, бүгін, міне, Нұрсұлтан бауырым ұшақпен келіп отыр» деп алғашқы сөзді Елбасына беріпті. Елбасы бұл басқосуда «Түбі бір түркі, түгел бол!» деген ұран тастаған. Бұл сөз бүкіл түркі жұрты үшін қанатты сөзге айналды.

«Тұрғыт Озалмен әңгімелесу барысында Елбасы Түркияда қанша қазақ бар деген сауал қойды. Түркия басшысы «Менімен 60 миллион қазақ бар» дегенде ризашылықпен Тұрғыт Озалды бауырына қысты. Елбасының көреген саясатының арқасында еліміз әлемнің алпауыт елдерін мойындатып, өзге де мемлекеттермен бәсекелесуге қабілетті іргелі мемлекетке айналды. Бұдан бөлек, 1992 жылы 25 наурыз күні тәуелсіз Қазақстанның астанасы Алматы қаласынан Түркияға Ыстанбұлға бірінші рет әуе ұшағы ұшқан болатын. Қазақстан үкіметі делегациясын сол кездегі Премьер-Министрдің орынбасары Мырзатай Жолдасбеков басқарып барды. Еліміздің тәуелсіздігін алғаш таныған мемлекеттің Президенті Тұрғыт Озал қабылдады. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ыстық сәлемін жеткізді. Қазақы ою-өрнекті шапан мен қамшы сыйға берілді. «Міне, мен нағыз қазақ болдым» деп сұхбат берді. Мені де сол кезде Түркияға келген Тәуелсіз елдің тұңғыш тілшісі деп таныстырды. Тұрғыт Озал маған арнайы бағалы фотоаппарат сыйлады. Сол кездер де осы фотоаппаратпен екі ел арасындағы достық көпірін бейнелейтін көріністерді Елбасының іс сапарлар, кездесулерінен талай суреттер әзірлеген едім», - дейді Ержан Уәйіс.

Бүгінде ол Сыр өңірінде қызмет жасап, Тұңғыш Президенттің салиқалы саясатын халыққа насихаттап келеді. Жақында «Болашақ» унсиверситетінде Е.Уәйіс жастармен кездесіп, Елбасының ерен еңбегін әңгімелеп берді.

«Ержан Уәйіс – тарихи оқиғалардың куәсі болған, Елбасынан алғаш сұхбат алған азамат. Тәуелсіз елдің бір бөлшегі ретінде оның түлеуіне үлес қосты. Сондықтан, жастарды қоғам қайраткерімен кездестірдік. Тұңғыш Президент туралы тұшымды ойлар, жылы естеліктер айтылды», – деді облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Е.Меңлібаев.
 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста