Тұман және көктайғақ: дүйсенбіге арналған ауа райы болжамы Әрі қарай оқу: https://sputnik.kz/regions/20211205/18830395/tuman-koktaygaq-aua-rayy.html

Синоптиктердің болжамына сәйкес, кейбір облыстарда тұман, көктайғақ болады. Оңтүстік пен солтүстікте жел күшейеді. Қазгидромет синоптиктері 6 желтоқсан күні солтүстік өңірлерде жаңбыр, қар жауып, бұрқасын жүретінін хабарлады.

Кейбір облыстарда тұман, көктайғақ болады. Оңтүстік пен солтүстікте жел күшейеді.

Өңірлердегі ауа райы
Ақмола облысының солтүстігі мен оңтүстік-шығысында тұман түседі, күндіз және таңертең бұрқасын жүреді. Желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.

Түнде Алматы облысының Алакөл жағында желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. 

Қостанай облысының солтүстігінде бұрқасын жүреді, солтүстігі мен оңтүстік-шығысында - тұман, көктайғақ, солтүстік-шығысында - желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ке жетеді.  

Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысында бұрқасын болады, облыстың солтүстігі мен шығысында - тұман, көктайғақ.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігі, солтүстік-батысы, Атырау облысының солтүстігі, батысы мен орталығында, Павлодар облысының солтүстігі мен шығысында және Қарағанды облысының солтүстігі, батысы мен оңтүстігінде тұман және көктайғақ болады.

Түркістан, Жамбыл облысының оңтүстігі, таулы аудандарында, Маңғыстау облысының солтүстік-батысы мен орталығы, Ақтөбе облысының оңтүстік-шығысында, түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облысының шығысында тұман түседі. 

Қызылорда облысының орталығында тұман, түнде - көктайғақ.

Ірі қалалардағы ауа райы
6 желтоқсанда Нұр-Сұлтанда қар жауады, желдің жылдамдығы секундына 3-5 метр болады. Ауа температурасы күндіз плюс 1, түнде 9 градус нөлден төмен.

Алматыда көшпелі бұлт, жауын-шашын жауады. Сынап бағанасы күндіз 6 градустан жоғары, түнде минус 1 көрсетеді.

Шымкентте де жаңбыр жауады. Күндіз ауа температурасы плюс 10 градус, түнде плюс 2 градус болады.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста