Туберкулезді екі сағатта анықтайтын мүмкіндік туды

Қазақстанға шетелден туберкулезді жедел анықтайтын аппарат алып келінді. Жаңа технология елімізге АҚШ-тың USAID халықаралық даму агенттігінің қаржысы арқылы USAID TB CARE жобасы аясында жеткізіліп отыр. GeneXpert деп аталатын бұл қондырғы әзірге ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Туберкулез мәселелері ұлттық орталығына, Алматы қаласына, Ақмола және Шығыс Қазақстан облыстарындағы туберкулезді емдейтін мекемелерге орнатылды. Бұл аппараттың бір ерекшелігі, адамда туберкулездің бар-жоқтығын екі-ақ сағатта анықтайды екен.
Сәрсенбі күні Туберкулез мәселелері ұлт­тық орталығында GeneXpert қон­ды­р­ғы­сын Қазақстанға ресми тапсыру рәсімі болып өтті. Оған АҚШ-тың Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Кеннет Фейр­факс, USAID-тың Орталық Азия елдеріндегі аймақтық миссиясының директоры Эрин Элизабет МакКи, USAID TB CARE бағдар­ла­масының директоры Т.Базиков, ҚР ДСМ Медициналық көмекті ұйымдастыру де­пар­­таментінің директоры Ажар Төле­ға­лиева, Алматы қаласы Денсаулық сақтау бас­қармасы бастығының орынбасары Нұр­лан Балтабеков қатысты.
Тілеухан ӘБІЛДАЕВ, Туберкулез мә­се­ле­лері ұлттық орталығының директоры, ме­ди­цина ғылымының докторы, профессор:
– Қазақстанда көптеген дәріге тө­зім­ді туберкулезді инновациялық әдіс­пен жедел анықтау қолға алынуда. Бұл ретте USAID халықаралық даму ұйымы бізге үлкен көмек беріп отыр. Біз осы ап­параттың көмегімен туберкулезді жедел анықтап, науқасты дер кезінде қоғамнан оқшаулап, нәтижелі емдеу әдістерін жасайтын боламыз. Бұл халық ортасында туберкулездің тез таралуына тосқауыл болады. Бұрын біз Bactec-Mgit – 960 аппараты арқылы науқаста туберкулездің бар-жоқтығын 7 мен 28 күн аралығында анықтайтынбыз. Кейін Hain-test аппаратын алдық, ол екі күн­де анықтап бере алатын еді. Енді соңғы енгізіліп отырған GeneXpert қон­дыр­ғы­сы туберкулезді екі сағатта айқындап береді. Демек, бұл аппарат еліміздегі туберкулездің эпидемиологиялық ахуа­лын жақсарта түсуге көмектеседі деп күтудеміз. Сондай-ақ бұл аппа­рат­ты тек туберкулезді ғана емес, онко­ло­гия­лық, басқа да Вич, СПИД секілді ин­фекциялық ауруларды анықтауға да бейімдеуге болады. Біз мұнымен тоқ­тап қалмаймыз. Бұл қондырғының нә­ти­­желілігін тексергеннен кейін рес­пуб­ли­­камыздағы басқа да емдеу ме­ке­мелеріне енгізу жоспарымызда бар.

Қорыта айтар болсақ, елімізде тубер­ку­лезге қарсы іс-шаралар өзінің оңды нә­ти­жесін беруде. Мәселен, 2000 жыл­дар­мен салыстыратын болсақ, қазір ту­бер­кулезбен алғашқы науқастану екі есеге төмендеген. Ал өлім көрсеткіші 2002 жылмен сараласақ, үш есе, 1995 жылмен таразылап көргенде бес есеге азайған. Мұның барлығы – мемлекеттік қам­қор­лық­тың әрі қолға алынған бағдарламаның дұрыс бағытта жүргізілгендігінің нақты ай­ға­ғы. Қазақстанда туберкулезге қарсы күрес жүргізу «Саламатты Қазақстан» мем­­лекеттік бағдарламасының басым ба­ғыт­тарының бірі екендігін көрсетеді.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста