Қазақстанның Түркиядағы Төтенше және Өкілетті елшісі Абзал Сапарбекұлы ұшақта қазақстандық сәбиді құтқарып қалған түрік депутаты, дәрігер Режеп Шекерге Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алғыс хатын табыстады.
Еске салсақ, 22 наурызда Бішкектен Ыстамбұлға ұшқан ұшақта қазақстандық сәбидің жүрегі тоқтап қалып, түрік дәрігері балаға жасанды тыныс беріп, массаж жасап, аман алып қалған еді.
Реджеп Шекер – Караман қаласынан Түркия Ұлттық жиналысының депутаты, Түркия президентінің жеке дәрігері.
Өз кезегінде Реджеп Шекер Қазақстан Президентіне алғысын білдірді.