Тоқаев Тәжікстанға екі күндік ресми сапармен барды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонның шақыруы бойынша екі күндік ресми сапармен Душанбеге барды. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли facebook-тегі парақшасында жазды деп хабарлады Sputnik.kz.

Бұл – Қазақстан президентінің биылғы алғашқы шетелдік сапары. 

Ал Қазақстан президентін Душанбе халықаралық әуежайында Тәжікстанның президенті Эмомали Рахмон және басқа да ресми тұлғалар күтіп алды.

"Ертең түске дейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон шағын және кеңейтілген форматта келіссөздер жүргізеді деп жоспарланған. Келіссөздер қорытындысы бойынша бірқатар екіжақты құжатқа қол қойылмақ. Сондай-ақ мемлекет басшылары БАҚ өкілдері үшін баспасөз мәслихатын өткізеді", – делінген ақпаратта.
Бұдан бөлек сапар бағдарламасына сәйкес Қасым-Жомарт Тоқаев Исмоил Сомонидің ескерткішіне гүл шоғын қою рәсіміне қатысады және Маджлиси намояндагон Маджлиси Оли төрағасымен және Тәжікстанның премьер-министрімен кездесуі жоспарланған.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар мемлекеттің басшыларымен телефон арқылы сөйлескен болатын. Солардың қатарында президент Эмомали Рахмонмен әңгіме барысында Тоқаевтың алдағы уақытта Тәжікстанға жасайтын ресми сапарының жай-жапсары талқыланған.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста