Тоқ ішек пен тік ішек обырынан болатын өлім-жітімді скрининг арқылы төмендетуге болады – онколог

Заманауи әдістер тік ішек пен тоқ ішек обырының алдын алуға мүмкіндік береді. Соған қарамастан, Алматыда колоректалды обыр ересектер арасындағы өлім-жітімге себепкер дерттер арасында 2-орын иеленеді. Алматы онкологиялық орталығының бас дәрігері Нұрсұлтан Ізбағамбетов онкоскринингтерден өтудің маңызы жайлы әңгімеледі.
Айтуынша, обырдың бұл түрі кең таралған. «Колоректальды ісіктің пайда болуына ең алдымен тұқым қуалаушылық факторы әсер етеді. Сонымен қатар, дұрыс тамақтанбау, қатерлі емес ісіктер салдарынан болатын созылмалы аурулардың бәрі де обыр қаупін күшейтеді. Бойында осы белгілер бар адамдар гастроэнтерологқа қаралып, денсаулығын ерте бастан күте бастағаны абзал», – дейді бас дәрігер.
Онкологтың сөзінше, бұл сырқатқа көбіне жасы 50-ден асқандар шалдығады. Сол себепті тік ішек пен тоқ ішек обырына тексеру 50 мен 70 жас аралығындағы азаматтар арасында жүргізіледі.
«Жыл сайын Алматы қаласында 100 мыңнан астам еркек пен әйел осы дерт бойынша тексеруден өтеді. Олардың үлкен дәретін жедел әдіспен зерттеп, жасырын қан бар-жоғын анықтаймыз. Бұл нәтижесі 3-5 минутта шығатын жылдам тәсіл. Зерттеу нәтижесі «оң» шығып жатса тоқ ішекті эндоскопиялық құралдармен тексеру қажет болады. Бірақ көп пациенттер одан бас тартады», – дейді онколог.
Кейін мұндай пациенттер ауырып келгенде, 3-4-ші стадиядағы қатерлі ісік анықталып жатады. Ал 4-стадиядағы обырды емдеп-жазу мүмкін емес. Сондықтан маман колоректалды обырды дер кезінде анықтау үшін тексеруден өту қажеттігін ескертеді.
Айта кетерлігі, Медициналық сақтандыру қоры жыл сайын профилактикалық тексерулерге, соның ішінде халықты онкологиялық сырқаттарға тексеруге қаражат бөледі.
«2023 жылы Алматыда онкологиялық скринингтерге Қор тарапынан 1,9 млрд теңгеден астам қаржы қарастырылған. Оның 204,9 млн теңгесі колоректалды обырға тексеруге бөлінген», - деді МСҚ Алматы қалалық филиалы директоры Тілеухан Әбілдаев.
Естеріңізге сала кетсек, профилактикалық скринингтер міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру есебінен жүргізіледі. Сондықтан скринингтен өту үшін пациент сақтандырылған болуы шарт. Скринингтен тұрғылықты жердегі емхана арқылы өтуге болады. Үлкен дәреттен қан табылса, іш қату, біресе қатып, біресе өтетін болса, шаршағыштық белгілері жиі байқалса терапевке, хирург неменсе онкологқа қаралған дұрыс.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста