Олар әнші қыздың әніне бір-бірімен жарыса билейді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "Экспресс К"-ға сілтеме жасап.
Әлеуметтік желіде әскердегі шаралардың бірінде топырлап билеген жауынгерлердің бейнежазбасы тарады.
Сахнадағы қыздың өзбекше ән айтып жатқаны көрінеді. Ал әскерилер сол әнге құдды тойда жүргендей, шақшиған күннің астында билеп жүр.
Бейнежазбаның қайда түсірілгені әзірге белгісіз.
Желі қолданушылары билеп жүрген сарбаздардың дене пішімінің толықтығын күлкіге айналдырды.
"Томпақтар батальоны. Мыналар әбден семіріпті" ," Елде бейбітшілік болып, сарбаздарымыз аман болсын", "Әскерде мынадай болса, жақсы екен", — деп жазды пікір білдірушілер.