"Тіпті құттықтау сөз айтпады": Көп балалы аналар Атырау әкімдігіне ренішін білдірді

Әйелдерді әкімдік “Алтын алқа” наградтарымен марапаттау үшін арнайы шақыртқан. Алайда көпбабалы аналардың айтуынша бұл рәсімде тиісті сый-құрмет көрсетілмеген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Атырау қаласының тұрғыны Гаухар Қалыбаеваны 4 наурыз күні халықаралық әйелдер мерекесіне орай әкімдікке шақыртқан. Келген кезде аналар бір-бірінің артынан кезекке тұрып, кейін кабинетке кірген кезде оларға үстелден “Алтын алқа” наградасын алып, үш жерге қол қоюларын сұраған. Рәсім осылайша аяқталған. 

“Бәріміздің көңіл-күйіміз түсіп кетті. Биліктің көпбалалы аналарға деген құрметі соншалықты қалмаған ба? Жақында полицей әйелдерді салтанатты түрде марапаттап, құттықтады. Біз де ел болашақтарын тәрбиелеп отырған анамыз ғой. Неге бізге тиісті құрмет көрсетілмеді?”-деді Гаухар Қалыбаева.

“Олар тіпті бір тал гүл де сыйламады. Қолымызға алқа мен кітапшаны ұстатты. Тіпті бір ауыз құттықтау сөздерін де айтпады”,-деп ренжіді тағы бір алтын алқа иегері Динара Құдайбергенова.

Әкімдік болса бұл жағдайды сол күні жоспарланған іс-шаралардың көп болғандығынан, атап айтқанда "Алтын алқа" және "Күміс алқа" құрмет белгілерімен марапаттауға бірден 79 әйелдің келу себебінен физикалық түрде үлгере алмағандарын айтып ақталды. 

Алтын алқа жетіден көп бала дүниеге әкелгендерге берілсе, күміс алқа алты балалы аналарға табысталады.
 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста