Тікұшақ тұңғиыққа кетуі мүмкін

Тікұшақ тұңғиыққа кетуі мүмкін

Қарашаның 24-і күні Алматы облысының Алакөл ауданында сегіз адам мінген МИ-823 аза­­маттық тікұшағы жоғалып кетті. «ЕуроАзияЭйр» АҚ Жезқазған филиалына тиесілі тікұшақты «Қазақстан – Қытай құбыры» ЖШС Атасу – Ала­шын­коу мұнай құбырын әуеден бақылап шығу үшін жалға алған болатын. Таңғы сағат 8:30-да көк­ке көтерілгеннен кейін байланысқа шықпай қал­ған экипажды іздеуге сағат 14:10-да екі әскери тік­ұшақ жұмылдырылды. Екі күннен асты, іздеуден нәтиже жоқ.
Төтенше жағдайлар саласының мамандары бұл оқиға туралы әлі толыққанды мәлімет бере алмай отыр. Жоғалғандарды іздеу жұмыстарына аудан жұртшылығы да атсалысуда. Айта кету керек, оқиға бойынша іздестіру жұмыстары Алакөлдің арғы беті, яғни Шығыс Қазақстан облысының Үржар ауданында да жүргізіліп жатыр.
Сағат 8:30-да Үшаралдан ұшқан тікұшақ 10:30-дар шамасында Достық кентіне қонуы тиіс болатын. 
Төрт тікұшақ, одан өзге оннан астам техника жұмылдырылған іздеу жұмыстары нәтижесіз. Атасу – Алашынкоу халықаралық мұнай құбырының Алакөл ауданынан өтетін тұсы – жазық дала. Егер әуе көлігі апатқа түсіп, жерге құласа, көрініп жатуы тиіс. Жергілікті халықтың айтуы бойынша, Алакөлдің бетіне әлі жөнді мұз қатқан жоқ. Тек шұға тұр. Егер тікұшақ апатқа ұшырап, көлге құласа, оны әуеден көру мүмкін емес. Ол үшін арнайы сүңгуірлер керек. Алакөлдің ауданы 2500 шаршы шақырым. Ұзындығы 104 шақырым, ені 52 шақырым, орта тереңдігі 22 метр (ең терең жері 54 метр), жағалауының ұзындығы 384 шақырым. Осының барлығын ескерсек, су астын тінту жұмыстары біразға созылатынға ұқсайды.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста