Тәуелсіздік күніне ашықхат таппаған қазақстандық құттықтау ашықхатын өзі жасап шығарған
Астана қаласының тұрғыны дүкендерден Тәуелсіздік күніне орай ашықхат таппаған. Ер адам ешкімді айыптамай, ашықхатты өзі жасап шығаруды жөн көрген деп хабарлайды автордың facebook парақшасына сілтеме жасаған NUR.KZ.
«Тәуелсіздік күнімен» құттықтау ашықхаты тіпті "Меломан" дүкендер желісінен табылмапты. Еліміздің ең атаулы күніне орай ашықхат таппаған ер адам оларды өзі жасап шығарған.
Осыдан кейін жақындары мен достарын әлеуметтік желі арқылы құттықтау үшін электронды ашықхаттар жасап шығару идеясы да пайда болыпты.
"Дизайнерлерге арнайы "алғыс" айтқым келеді. Ашықхатты не мақсатта жасап жатқанымды естіп, олар ақша алудан бас тартты. Адамдарымыздың патриоттық сезімі өлмеген екен", - деп жазды Санжар.
Автор сөзін "Тәуелсіздігіміз мәңгі болсын" деген тілекпен аяқтаған.