2023 жылы Ташкентте өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақ боксшысы Сәкен Бибосынов алғашқы жекпе-жегінде жеңіліп қалды. Бұл жөнінде Stan.kz ақпарат агенттігі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
51 келіге дейінгі салмақта 1/16 финал кезеңінде ол үндістандық Дипак Кумарға қарсы шықты.
Жекпе-жек үш раундқа созылып, төрешілердің бөлек шешімімен қазақстандықтың жеңілуімен аяқталды.
Еске салайық, Бибосынов 2021 жылғы әлем чемпионы. Сондай-ақ 2020 жылғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері атанған.