«Тариф өсуі керек» – жаңа энергетика министрі

Энергетика министрлігінің жаңа басшысы Алмасадам Сатқалиев жылу тарифі үкімет бекіткен инфляция деңгейіне сәйкес өсетінін мәлімдеді. Бұл туралы ол мәжілісте жылу энергетикасы туралы заң жобасын таныстыру барысында айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Оның айтуынша, қазір еліміз бойынша энергия өндіретін жабдықтар орташа есеппен 67 пайызға тозған. Энергия жүйесін қалпына келтіру және экономика өсімінің қарқынын ұстап тұру үшін жаңа энергия көздерін салу қажет.

"Тариф белгілі бір кезең аралығында өсуі керек. Мемлекеттік органдар да, табиғи монополияларды реттеу комитеті де, экономика министрлігі де мұны түсінеді деп ойлаймын. Оның үстіне бізде "Тарифті инвестицияға айырбастау" бағдарламасы жарияланды. Яғни, оған құйылатын қаражат өте қатаң бақыланады. Соның ішінде тек тексеретін органдар тарапынан емес, әрекет ету органдары тарапынан да бақыланады", - деді Сатқалиев заң жобасын таныстыру барысында депутаттар сұрағына жауап беріп.

Тариф көтеріледі, бірақ үкімет белгілеген инфляция деңгейіне және тиісті мемлекеттік органдар бекіткен энергия нысандарының инвестициялық бағдарламаларына сәйкес өседі.

Ол экономикалық параметрлерді пайдаланып, энергия субъектілерінің шығынын барынша оңтайландырып, есептеу жұмыстарын жүргізіп, объективті тариф ұсынылатынын айтты.
 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста