Танымал ақын түйіткілді мәселені облыс басшысына өлеңмен жеткізді (фото)

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің есепті кездесуіне келген халық ақыны Әселхан Қалыбекова жерлестерінің аманатын шумақтатып жеткізді деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Жансейіт Түймебаевтың халық алдындағы есепті кездесуіндегі баяндамасынан соң сұрақ қойған ақын Әселхан Қалыбекованы әлі күнге дейін газсыз отырған Отырар ауданы халқының жайы мазалады.

«Отырар ауданына "газ келеді" деп халықтың құлағы елеңдегеніне екі-үш жылдың жүзі болды. Соның жетуіне өзіңіз ықпал етсеңіз болар еді. «Жақсы күннің жарығын жаз келгенде білерсің, жақсы әкімнің қадірін газ келгенде білерсің» деп сауалын астарлы ойымен жеткізген ақын залдағыларды күлкіге батырды.

«Биыл газбен қамтылатын елді-мекендер саны 65 пайыз болса, олардың қатарына сіздің ауыл да кіреді деген ойдаймын. Кіргіземіз»,- деп уәде етті Түймебаев.

Жиындағы сұрақ-жауап бөлімінен соң жарыссөзге шыққандар баяндамашының жұмысына қатысты өз ойларын білдірді. Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтының ректоры Оңалбай Аяшев проблемасын айтып, көмек сұраған халықты «Бер, бер дей бересіңдер» деп сөксе, Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Розақұл Халмұрадов ОҚО әкімінің жұмысына тәнті болғаны соншалық, Түймебаев мырзаның бұл «креслода» әлі он жыл отыратын мүмкіншілігі барын айтты.

Сондай-ақ, аймақ басшысының есебіне ОҚО-ның экс-әкімі, бүгінде Үкімет басшысының-орынбасары - Ауыл шаруашылығы министрі қызметін атқарып жүрген Асқар Мырзахметов арнайы қатысты. Тек Астанадан ат терлетіп келген Мырзахметов мырза ауа-райының қолайсыздығына байланысты кездесуге шамамен бір жарым сағат кешігіп келді.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста