Талғар аудандық ауруханасының дәрігерлері ауыл тұрғындарын профилактикалық тексеруден өткізді

Талғар аудандық орталық ауруханасының дәрігерлерінен құралған топ тұрғындарға сапалы медициналық көмек көрсету мақсатында профилактикалық тексеруден өткізуді бастады.
Дәрігерлерден құралған топ құрамына эндокринолог Ғалия Пірмағанбетқызы Сейтматова, невропатолог-Сейтқали Үкебайұлы Нұрғожаев, кардиолог - Данияр Мақашұлы Асылбеков, хирург - Дастан Бағдатұлы Рустенбаев және маммолог дәрігер - Нұржан Құрманғазыұлы кірді.
Бірінші кезекте көшпелі топ мүшелері Бесағаш, Қызылту және Тұздыбастау ауылдарындағы дәрігерлік амбулаторияларда қабылдау жүргізіп, тұрғындарды тексеруден өткізді.
Ендігі кезекте дәрігерлер Гүлдала мен Панфилов ауылдарының дәрігерлік амбулаторияларына баруды жоспарлап отыр.
Бір апта ішінде медицина қызметкерлері 1000-ға жуық азаматқа кеңес беріп, бірқатар пациенттерді стационарлық емдеуге жіберді.
- Медицина барлығына қол жетімді болуы керек. Біз пациенттерімізді бүкіл өңірден өз кабинетімізде қабылдауға әрқашан дайынбыз. Бірақ біз аурудың алдын алу мақсатында шалғайдағы елді мекендерге арнайы келіп отырмыз, - деп бөлісті эндокринолог дәрігер Сейтматова Ғалия Пірмағанбетқызы.
" Дәрігерлер ауыл тұрғындарын тексеріп, кеңестерін беруге арнайы келгені үшін қуаныштымыз. Бізге қажетті дәрі-дәрмектерді тағайындап, тіпті емдеу үшін ауруханаға жіберді. Дәрігерлерге тұрғындар тарапынан ризашылығымызды білдіреміз", - деді науқастардың бірі Абдрахманова Вайшам.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста