Талдықорғанда оқ-дәрілер жасырылған жер табылды. Патрондар арнайы қағаз контейнерлерге оралып, үлкен кенеп қапшыққа салынған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy полицияға сілтеме жасап.
Ол жерден тапаншаларда, револьверлерде, пулеметтерде және басқа қаруларда қолдануға болатын 9 мм калибрлі 838 патрон табылды.
«Патрондар арнайы қағаз контейнерлерге оралып, үлкен кенеп қапшыққа салынған. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу барысында істің барлық мән-жайы анықталады», - деді Жетісу облысы полиция департаменті ҰҚҚ КБ бастығы Сарқытбай Құсайынов.