«Таблиғи Жамағатқа» заң бойынша тыйым салынды

Республикамызда «Таблиғи Жамағат» заңмен тұңғыш рет экстремистік ұйым деп танылды. Еліміздің аумағында оның қызметіне тыйым салынды.
ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қыз­метінің хабарлауынша, кеше Астана қаласы прокуратурасының арызы бойын­ша Астана қаласының Сарыарқа аудандық соты «Таблиғи Жамағат» халықаралық ұйы­мын экстремистік деп тану және Қа­зақ­стан Республикасында оның қызметіне тыйым салу туралы шешім шығарды. Бұл шешімді шығару барысында көрсетілген ұйымның қызметінің экстремистік бағыт­та екендігі қолда бар материал­дармен қатар, халықаралық ұйымның Ре­сей Федера­циясында, Өзбекстан Респуб­ликасында және Тәжікстан Республика­сында сот тәр­ті­бімен экстремистік деп та­нылғаны және тыйым салынғаны назар­ға алынды. Еске сала кетейік, ақпанның 20-сы күні ҚР Ұлт­тық қауіпсіздік комитеті елі­міздің аума­ғында радикалды салафиттік бағытты ұстанған 24 ағым, олардың мү­ше­лерінің жалпы саны 495 адам екенін ха­барлаған болатын. «Википедияның» мәлі­меті бо­йынша, «Таблиғи Жамағат» – бей­саяси діни ұйым. Ол әлемнің 150 еліне ен­ген. Мүшелерінің саны 70-80 млн адам­ға жуықтайды.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста