Сыртқы саясаттың алдындағы бес міндет

Мансұр ХАМИТ (фотолар)

Кеше Сыртқы істер министрлігінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен алқа мәжілісі өтті. Жан-жақтағы елші­леріміздің бәрін жиып, Арқаға тоғыстырған мәжілістің беташар сөзін Елбасының өзі бастады. Президенттің айтуынша, 2012 жыл – Қазақстанның сыртқы саясаты үшін ерекше мәні бар жыл. Себебі биыл Тәуелсіздігімізді жариялағаннан кейін ресми түрде дипло­матиялық қарым-қатынас орната бастағанымызға 20 жыл болады.
«20 жыл бұрын Қазақстанда кәсіби дипломатиялық қызмет болған жоқ. Тек Тәуелсіздік алғаннан кейін ғана алғаш шетелдерде елшіліктеріміз бен өкілдіктерімізді ашуға мүмкіндік ал­дық. Сыртқы істер министрлігі Кеңес үкіметі кезінде де болды, бірақ ол формалды түрде ғана жұмыс істейтін орган болатын», – деген Елбасы бүгін­де бұл салада талай белесті бағын­дырып келе жатқанымызды тілге тиек етті. Оның ішінде бүгінде еліміз Бірік­кен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) то­лық­қанды мүшесі болып отыр. Сон­дай-ақ әлемдегі елдердің көпші­лігі­мен дип­ломатиялық қатынастар орнатып, құрлықтағы шекараны түгел рәміздедік және ең бастысы, сол ел­дер­мен тату-тәтті, бейбіт өмір сүріп жатырмыз.
Бейбіт өмір демекші, Қазақстан яд­ролық қарудан бас тартып, Семей полигонын жабу арқылы халықаралық қауіпсіздік саласында өзінің ұзақ мер­зімді стратегиясын анықтады. «Бүгінгі таңда біздің еліміз ядролық қарусыз­дану және таратпау ғаламдық үрдісінің көш­басшысы болды. Бұған жақында Сеулде өткен ядролық қауіп­сіздік жө­ніндегі саммиттің нәтижесі де дәлел бола алады», – дейді Прези­дент.
Оның айтуынша, дамыған ірі мем­лекеттермен стратегиялық әріптестік орнатуы еліміздің халықаралық ау­мақ­тағы орнының нығаюына алып келді. Елбасы Азиядағы өзара ықпал­дастық және сенім шаралары жөнін­дегі кеңес, еуразиялық интег­рация, түркітілдес мемлекеттердің ын­ты­мақтастығы секілді, сондай-ақ ха­лықаралық ұйымдар шеңберіндегі басқа да сыртқы саяси бастамаларымыз табысты түрде іске асып жатқанын да айрықша атап өтті. Еліміздің ЕҚЫҰ-ға төрағалығы және Астанада осы ұйым­ның саммитін өткізіп, тиісті дек­лара­ция қабылдау арқылы еліміз сырт­қы саясатта тағы бір төбеге көте­ріл­ді. Былтыр ШЫҰ-ға төраға­лық­ты сәтті аяқ­тадық. Сонымен қатар араб әле­мінде болып жатқан ірі гео­саяси өзге­рістер аясында еліміз Ислам ын­ты­мақтастық ұйымына төраға болып отыр. Осының бәрін тізе келе, Елбасы Қазақстанның сыртқы саясаты­на же­місті және нәтижелі деп баға берді. Ал дипломатиялық қызмет­кер­лердің еңбегіне ризашылығын білдірді.

Бұдан әрі Президент Сыртқы істер ми­нистрлігінің алдында тұрған мін­дет­терге тоқталып, тапсырмалар жүктеді. Пре­зидент уақыт ағыны үнемі жетілуді, өрістеуді талап ететінін ескертті. Осыған байланысты былтыр Нұрсұлтан Әбішұлы­ның тапсырмасымен сыртқы саяса­ты­мыздың 2009 жылғы тұжырымдамасына бір­шама түзетулер мен толықтырулар енген болатын. Ал биыл Қазақстанның ұлттық қауіпсіздігінің стратегиясы қабыл­дан­ды. Елбасы осы құжаттарды жетек­ші­лікке алып, жұмыс бағытын осы негізде жүр­гізу керектігін айтты.
Елбасының биылғы халыққа Жол­да­уында мемлекет дамуының басты век­торы әлеуметтік-экономикалық жаң­ғыру деп анықталғанын білеміз. Осыған бай­ланысты Елбасы қоғам алдында тұр­ған өзекті мәселелерді шешуде сырт­қы саясат құралын мейлінше тиімді пай­далану қажеттігін де еске салды. 
Мемлекет басшысының айтуынша, біріншіден, Қазақстан сыртқы саясатының басты мақсаты ел қауіпсіздігі мен тер­риториямыздың тұтастығын қамта­ма­сыз ету және Қазақстанның халықаралық бе­делін нығайту болып қала беруі керек.
Екіншіден, еліміздің сыртқы саясаты мем­лекетіміздің әлеуметтік-эко­но­ми­ка­лық дамуына белсенді ықпал етіп, эко­но­микамыздың бәсекеге қабілеттілігін арт­тыруға бағытталуы керек. «Мұндай мін­дет әрқайсымыздың алдымызда тұруы тиіс», – деді Елбасы.
Үшіншіден, алдымызда тұрған мін­дет­тің бірі –  индустриалды дамыған мем­лекеттердің ортасына кіріп, пострин­дус­триалды әлемнің белсенді бөлігіне ай­налуымыз керек. Ол үшін эко­но­ми­ка­мыз­ға әлемнің алдыңғы қатарлы тех­нологиясы мен инновациясын елге тарту қажет. «Бұл оңай шаруа емес. Ешкім бізге өзінің технологиясын алдымызға салып бер­мейді. Сондықтан да біз өз ғы­лы­мымызды дамытып жатырмыз, сонымен қа­тар шетелдік технологияларды елімізге тартуға барынша ұмтылуымыз керек», –  деп атап көрсетті Президент.
Төртіншіден, тиімді саясат пен ди­пло­матиялық қатынасты басшылыққа ала оты­рып, еліміздің мүддесін, бизнесін ше­телде ілгерілету қажет. Сондай-ақ экспорт кө­лемін арттырып, ұлттық экспорт­тау­шыларымызды қолдау да ди­пло­мат­тары­мыз­дың жұмысындағы басым бағыт болуы тиіс.
Бесіншіден, отандық дипломатия қо­ғам­­дық-саяси жаңғыруға, адам ка­пи­та­лы­ның сапалы өсуіне, білім деңгейі мен ден­саулық сапасының артуына белсенді ық­пал етуі керек. «Дипломаттар – еліміз­дің шетелдегі келбеті. Сондықтан жоғары кә­сібилік пен өз міндеттеріңізді мүлтіксіз атқару – сіздердің парыздары­ңыз. Соны әрқашан есте тұту керексіздер. Біз бәріміз Отанымыз – Қазақстан үшін қыз­мет етеміз. Бізді осы жерге халқымыз бен елімізге қызмет ету үшін тағайын­да­ды», – деген Президенттің айтуынша, ел­ші ең жоғарғы критерийлерге ие болуы ке­рек, әйтпесе елші болудың қажеті жоқ.
Елшілеріміз құбылмалы әлемде Қа­зақ­станның орны мен рөлі қандай екенін міндетті түрде білуі тиіс. Бұл сұрақтың жа­уабын Елбасы ЕҚЫҰ-ның Астанада өткен саммиті, ИЫҰ-ға төрағалығы және Сеул­де өткен ядролық қауіпсіздік сам­митінде Қазақстан, Ресей және АҚШ Пре­зиденттерінің кездесуі бере алатын­дығын атап өтті.
ЕУРАЗИЯЛЫҚ ИНТЕГРАЦИЯ – ҚАЗАҚСТАННЫҢ САНАЛЫ ТАҢДАУЫ
Мемлекет басшысы Қазақстан үнемі ілгері сүйреп келе жатқан еуразиялық ық­палдастық мәселесін де ұмыт қал­дырмады. «Алдағы кезеңдегі жұмыстың маңызды бағыты еуразиялық интеграция болып табылады. Бұл процесте Қазақстан Еуразиялық экономикалық одақты құру­дың авторы, локомотиві болып отыр. Со­нымен бірге, Еуразиялық экономикалық одақ­қа көше отырып, біз бұрынғысынша бар­лық елдермен теңгерімді қарым-қатынастарды дамыту бойынша сыртқы саяси желіні жалғастыратынымыз барлы­ғына түсінікті болуға тиіс», – деген Пре­зи­дент  сыртқы саясат ведомствосы осы ұстанымды шетелдік әріптестеріне жет­кізудің маңыздылығын айтты.
Президенттің айтуынша, еуразиялық интеграция – Қазақстанның саналы таң­дауы.
«Біздің еліміздің теңізге шығар жолы жоқ географиялық, геосаяси орналасу орны жақын жатқан мемлекеттердің нарықтарын ашуда жатыр. Сауданы кеңейтпесек, экономика құру, кәсіп­орын­дар ашу жоспарымыз іске аспайды», – деді Н.Назарбаев.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста