«Сырқат» әкімдердің диагнозы қойылды

«Петропавл қаласының әкімі Ерік Нұрақаев пен оның орынбасары Бейсенбі Тәжин сырқаттанып қалыпты» деген қауесет ел арасына тез тарады. Көпке созылмай диагноздары да қойылды. Облыстық прокуратура шаһар әкімшілігіне жұққан дертке жеке кәсіпкердің қалтасына аударылған 75 миллион теңге бюджет қаржысы себеп болғанын анықтады. Мұның алдында әкім болған Владимир Никандров та тағынан түсер алдында дәл солай «сырқаттанып» қалған болатын. Шамасы, бұл жылы кресломен қоштасар сәтте жұғатын ауру сияқты.

Бәрі сол жоғары жақтан біреу келсе битін сыға алмай отырған жергілікті биліктің бәрін жақсы жағынан ғана көрсетуге тырысатын дарақы мінезінен шықты. Осы жылдың басында Петропавлға сапарлатып келген Президентке азық-түлікті арзан бағамен сататын «Шапағат» деген коммуналдық базар көрсетілген болатын.

Сол арзан өнім сататын базар аз ақшаға салынбаған екен. Облыстық прокуратура қалалық әкімдіктің бюджет қаржысын  заңсыз жұмсағанын анықтады. Оқиға былай болған: ақпанның 6-сы күні қалалық әкімдіктің қаулысымен «Қызылжар-Ақбастау» коммуналдық базары» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны жанынан жауапкершілігі шектеулі серіктестік құрылып, оған бюджеттен 75 миллион теңге ақша аударылады. Бұл қаржы «Шапағат» коммуналдық базарының құрылысын тез бітіріп, уақытында қолданысқа беру үшін жұмсалған.

Ал прокуратура бұл әрекеттің заңсыз екенін анықтап, қылмыстық іс қозғады. Себебі бюджет қаржысы жеке кәсіпкердің кәдесіне жаратылған. Қазір қаржыны қайтарып алу үшін де әрекеттер жасалып жатыр. Бүгінге дейін 15 миллионы ғана бюджетке түсті. Қалғаны қашан оралатыны белгісіз. Жауап беруге тиіс қала әкімі мен оның орынбасары «ауырып» жатыр.

Бірақ сырқат әкімнің айыққанын күтпестен, орнына жаңа басшы тағайындалып та қойды. Сәрсенбі күні Петропавл қаласының әкімі болып Президент Әкімшілігінде жұмыс істеген Нұржан Әшімбетов тағайындалды.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста