Шымкентте сотталушылар түрмеде отырып, дипломға ие болды

Шымкентте жазасын өтеп жүрген бір топ адам жаңа кәсіпті игерді. Бір жылға жуық техникалық саланың қыр-сырын меңгерген олар қоғамға аз да болса пайдамыз тисе дейді. Бұдан бөлек, жәбірленушілерге келтірген шығындарын да осы жерден өтемекші. Сонда темір тордың арғы жағындағылар қандай кәсіпке бейімделді? Ай сайынғы табыстары қандай болмақ? Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Еуразия бірінші арнасына сілтеп хабарлайды.

124 сотталушы Түркістан индустриалды құрылыс колледжінде 6 мамандық бойынша білім алған. Енді оларға салтанатты түрде диплом табыс етілді

 

Тігінші, ағаш өңдеуші және жиһаз шебері атанған жазасын өтеушілер колледжде 10 ай оқыпты. Солардың бірі - Бағлан Балабеков. 6 жылға сотталған ол енді су жаңа кәсіптің иесі атанып отыр.

"2019 жылы Түркістан индустриалды колледже түсіп, тігінші мамандығын алдым. Осындай мүмкіндік беріп жатқан мекеме әкімшілігіне және ұстаздарға алғысым шексіз. Алға қойған жоспарларымды орындап, бостандыққа шыққан соң, жұмыс істейтін боламын", - дейді жазасын өтеуші Бағлан Балабеков.  

"Бостандыққа шыққан соң осы дипломмен жұмысқа кіруге болады. Одан кейін осы мекемеде орналасқан өнеркәсіп бар сонда кіріп жұмыс істеп, өзінің жалақысынан жәбірленушілерге берешін беруге осындай мүмкіншіліктер істелініп отыр", - деді түзеу мекемесінің басшысы Бағдат Асылбеков. 

Жазасын өтеушілердің арасында жоғары білімділер де бар. Бірақ, басым көпшілігі мамандық бойынша жұмыс таба алмайды екен. Сондықтан, оларға қарапайым кәсіпті үйретіп жатыр. Биыл электрші деген мамандықты қосыпты. Сұраныс көп көрінеді осы мамандыққа.

"Біздер жұмысшы мамандықтарын береміз. Ол Үкіметтің есебінен тегін оқытылады. Мұғалімдер мен өндіріс шеберлері облыстық бюджеттен қаржыландырылсақ, бізге керекті материалдық құрал жабдықтың барлығы осы түзету мекемесінен беріледі", - деді колледждің бөлім меңгерушісі Байырбек Бабақұлов.

Осы күні ИЧ 167/3 түзеу мекемесінде 500-ге жуық сотталушы жазасын өтеп жүр. 183 адам бостандыққа шығыпты. Олардың арасында түрмеде жүріп, білім алғандар бар. Қылмыстық атқару жүйесі мамандарының сөзінше, орта-арнайы білім беру ісі тағы екі түрмеде бар екен. Биыл 350 адам білім алған. Басым көпшілігі тігінші көрінеді.

 
 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста