Карантин Шымкентте тағы ұзартылды. Бұл жолы мерзімі 8 ақпанға дейін ұзартылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Балабақшаларға кезекші топтардағы балалар санын 20 адамға дейін көбейтуге рұқсат берілді. Бірақ қоғамдық көліктердің жұмыс уақыты қысқарды. Қалалық автобустар енді таңғы 7-ден кешкі 9-ға дейін жүреді.
 
Ұйымдар мен кәсіпорындарға санитарлық және шектеу шараларын қатаң сақтау ұсынылады.
Естеріңізге сала кетейік, Шымкент бүгінде «жасыл» аймақта.