Шымкентте итін көлікке байлап сүйреген жүргізуші анықталды

Шымкентте итін көлігінің артына байлап, сүйреген жүргізуші анықталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Шымкенттік полицейлер әлеуметтік желіге мониторинг жүргізу барысында белгісіз адамның қала көшелерінің бірінде Opel Astra автокөлігіне байланған итті сүйреп бара жатқан бейнежазбаға назар аударды.

"ҚПД Жедел басқару орталығының инспекторлары "Қорғау" қосымшасының көмегімен көліктің қозғалған орны мен жүргізушінің жеке басын анықтады. Ол Түркістан облысының тұрғыны болып шықты.", - делінген полиция хабарламасында.

Деректер Әл-Фараби аудандық ПБ-ға жолданды.

"Ер адамның айтуынша, ол көшіп жатқан. Автокөліктің салонында итке орын болмағандықтан, оны көлікке байлауды ұйғарған. Жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 407-2-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды", - делінген хабарламада.

Жиналған материалдар мамандандырылған әкімшілік сотқа жіберіледі. Ер адаммен профилактикалық түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
 
 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста