Статистика: Елімізде ер адамдардың көбі қайда тұрады және қандай жұмыс істейді
Ұлттық статистика бюросы Қазақстанның қай өңірінде ерлер көп тұратынын айтты.
Бюроның мәліметі бойынша, 2023 жылдың басында халық саны 19 766 мың адамды құраса, оның 9 647 мыңы – ер адамдар.
0-14 жас аралығында – 3 млн ұл бала. 15 пен 62 жас аралығындағы ерлер саны – 5 876 мың, 63 және одан жоғары жастағылар – 767 мың зейнеткерлер.
Өңірлер тұрғысында ең көп ерлер саны Түркістан облысында 1079 мың, ең азы Ұлытау өңірінде - 108 мың.
Жұмыспен қамту мәселесіне келсек, ерлердің басым бөлігі өнеркәсіпте – 16,8%, көтерме және бөлшек саудада 14%, автокөлік жөндеуде, тағы 14% ауыл, орман және балық шаруашылығында жұмыс істейді.
Айта кетейік, ерлердің өмір сүру ұзақтығы - 70,2 жас. Орташа жасы – 30,5 жас. Некеге тұрудың орташа жасы – 28 жас.
Читайте также
Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре
Фанаты "Барыса" получили негативные известия
GTA VI впервые покажут уже в декабре
Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке
"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу
Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу