Өскемен қаласы Солжағалау ауданының пробация қызметі есебінде «Д» есімді азамат тұрады. Ол 01.06.2022 жылы ШҚО Өскемен қаласы №2 сотының үкімімен ҚР ҚК-нің 191 бабы 3 бөлігі 1,2 тармағы бойынша 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалған. Жазаны өтеудің бүкіл мерзімі ішінде жыл сайын 100 сағаттан аспайтын мәжбүрлі еңбекке тартылған.
Үкім заңды күшіне 17.06.2022 жылы енді. Оған ҚР ҚК-нің 44 бабына сәйкес келесі міндеттер жүктелген: сотталғанның мінез-құлқын бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті органға хабарламай, тұрақты тұрғылықты жерін, жұмысын ауыстырмау,спирттік ішімдік ішетін орындарға бармау. Өскемен қаласы Солжағалау аудандық ПҚ бөлімінің есебіне 21.06.2022 жылы қойылады. Сотталған «Д» есімді азаматқа сотпен жүктелген міндеттер мен пробация қызмет бөлімінің талаптары толығымен түсіндіріліп, жазбаша қолхат алынған болатын. Алайда пробация қызметі бөлімінің талаптары мен сот үкімінде жүктелген міндеттерді өрескел бұзып және әкімшілік жауапкершілікке тартылғаны үшін ескерту жарияланған. Осыған байланысты пробация қызметі сотталған «Д»-ға қатысты бас бостандығынан шектеу жазасының өтелмеген бөлігін бас бостандығынан айыру жазасына ауыстыруға 15.12.2022 жылы жолданған ұсынысы 26.12.2022 жылы жазасының өтелмеген бөлігі 2 жыл 11 ай 25 күнге бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырып, пробация қызмет бөлімінің ұсынымы қанағаттандырылды.
Г.М.Таткенова, ШҚО бойынша ҚАЖД
Солжағалау аудандық
пробация қызметі бөлімі
аға инспекторы
әділет аға лейтенанты