«Шөл даланың падишасы» неге азайып барады?

Абай ОМАРОВ (коллаж)

Ұлан-ғайыр даламыздың сәніне айналған жасыл желектің сан алуан түрі бар. Қайсысы да жанымызға жақын. Бала кезден бауыр басқанбыз. Ауылға барғанда кең далаға көз саламыз. Кейде көңіліміз пәс болып қалады. Өсімдіктің кей түрлері көз алдымызда азайып барады. Бұрын ше? Дария жағасы сыңсыған тоғай еді. Ағаштың қалың болуынан таяқ тастам жерден арыны көре алмайтын едік. Бүгін барлығы басқаша кейіпке енгендей. Тақыр дала көбірек кездеседі. Шөлді аймақтағы Сыр бойы үшін әрбір өсімдіктің орны ерекше. Шыбық шаншысаң, көгеріп шыға келетін сулы өңір емес қой. Шөлге төзімді ағаштар да бар. Мәселен, елдің арасында тораңғыл аталған ағаштың алқабы қазір сирек. Халықтың арасында ол жайында талай әңгіме айтылады. Оны «шөлді аймақтың падишасы» деп те қарайды. Аталмыш ағаш түрі күй талғамайды. Сусыз жерде де тамырын терең тарта береді. Өзге де қоршаған ортаға тигізетін пайдасы орасан.
Тораңғыл таздың шашындай неге сиреп кетті? Біз әлі күнге дейін табиғаттың сырын түсіне алмай келеміз. Даладағы әрбір дүниені өз меншігіміз көреміз. Ашкөзділік бар бойы­мыз­да. Қоршаған ортаға жан аши бермейді. Бүгінге мәзбіз. Ертеңге елең етпейміз. Тораң­ғыл соның зардабын тартты. Бұл ағаш отынға өте қолайлы. Даладағы тораңғыл аяусыз отал­ды. Балтаның өткір жүзі талай тораң­ғыл­дың тамырын қиды. Олар отын есебінде та­лай пеште маздап жанып жатты. Алайда оның та­биғатқа зардабы өте көп еді. Өкініштісі, осын­дай ойды кім қаперіне іле қояды? Жа­ны ашымастық жарға жықты. Тораңғыл ал­қаптары түгесілуге таяды. Енді-енді ғана ес жи­нап жатқан секілдіміз. Қолды мезгілінен кеш сермегеннен не пайда? Орнын қалай тол­тыра аламыз енді? Дегенмен қазір де оны ой­лап жүрген адамдар жоққа тән. Бірлі-жа­­рым ғалымдар болмаса... Инемен құдық қа­зу­­ға пейіл кәсіп иелері ғылыми тұрғыда ең­бек­­тер жазып жатқанын құлақ шалып қалады. Әйт­се де қағаз бетіне қатталған дүниелер да­ла­ға тораңғыл болып қайта орала қоймайды. Осындай оралымсыздық бізге бармақ шай­нат­ты. Болмаса тораңғылдың қасиетіне бас ауыр­тар едік-ау. Ағаштың бұл түрі қолайсыз ай­мақта өседі. Көбінесе шөлді және шөлейт, құм­ды, тұз басқан сортаңды жерлерде кезде­се­ді. Өзен жағасында да тамыр жая береді.
Ендеше, тораңғыл Сыр өңірі үшін ең қолайлы ағаштың бірі емес пе? Экологиялық жағдайды бастан кешіп отырған облыс үшін жасыл желекті жайқалту – басты проб­ле­маның бірі. Алайда иен далада та­қыр­ға айналған жерлер көбейіп ба­рады. Бұрын тораңғыл ауылға жа­қын жерде де жапырақ жайқал­тып тұра беруші еді. Қазір кей ау­мақ­тарда тораңғылды бірнеше ша­қырым жол жүріп, әрең дегенде кө­ру­ге мәжбүр болдық. Ғалым­дар­дың айтуынша, ілгеріде бұл ағаш облыстың кез келген ауданында сың­сып тұратын. Бүгінгі күні оны тек әңгі­ме есебінде ғана айтудан әріге б­ара алмайсың. Тораңғыл Жаңа­қор­ған ауданында көбірек көзге ұшырасады. Қалған аудандарда мүлдем сиреп қалған. Бас шайқай­тын жайт-ақ...
Тораңғыл тұзды және шөлді жер­де қоршаған ортаға өз пайда­сын тигізеді. Ол табиғи жағдайда көктеп кете береді. Жапырағы да мол ағаш. Ауаның құбылмалы мі­не­зіне де қарамайды. Желдің күші­не де төтеп береді. Ылғалды көп қа­жет етпейді. Қыстың қатал мінезі де оған ешқандай қиын емес. Ағаш ылғалды аз буландырады. Тамыр жүйесі жақсы дамыған, жерасты суынан нәр алады екен. Олардың түбінде судың жиналып қалатынын талай мәрте көргенбіз. Ғалымдар 25 литрге дейін су жи­налатынын тілге тиек етеді.
Оразхан Айдаров, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің оқытушысы:
– Осыдан екі-үш жыл бұрын біз­дің университет ғалымдары Жаңа­қор­ған және Шиелі аудандарына ба­р­ып қайтты. Біз, негізінен, қор­ша­ған ортаны қорғау тақырыбында зерт­теу жасаған едік. Тораңғыл аға­шын да көзден таса етпедік. Бұл тұр­ғыда проблема көп екеніне көзі­міз жетті. Оның азайып кетуіне түрлі се­беп бар. Тораңғылдың шаруашы­лық­та маңызы бар. Оны құрылыс мате­риалы ретінде пайдаланады. Сон­дай-ақ қайсыбір жылдардағы құр­ғақшылықтан дария бойындағы тоғай­лар өртке оранып кетті. Кейбір шар­уашылық иелері жаңа жерлер ашу үшін қолдан от қойған кезеңі де болды. Айналып келгенде, ол то­раң­ғылдың еліміздің «Қызыл кіта­бына» енуіне алып келді. Қазір об­лыс­та құмды тоқтату мақсатында сексеуіл егуге көңіл бөлініп отыр. Дегенмен тораңғыл алқабын қайта қалпына келтіруге мән берілер емес.
Сыр өңірінің сәніне айналған тораңғыл осылайша құрып кетудің аз-ақ алдында тұр. Дала төсінде жай­қала өскен бұл ағаш түрін қа­шан қамқорлыққа аламыз? Өкініш­ке қарай, бұл бағытта ешқандай ба­ғдарлама жасалып жатқан жоқ.
Өркениетті елдерде жайқала өскен жасыл желекті көздің қара­шы­ғындай сақтауға баса назар ау­да­рылады. Біз қолдағы барды баға­лай білмейміз. Осының салда­рын­ан кезінде көрсең көз тоятын сан алуан жасыл желек жамылған да­ламыз жалаң тартып барады. Өсім­діктің көптеген түрі азайып, бар­лығы дерлік «Қызыл кітаптың» төрінен орын алды. Осылай кете берсе, келешекте қазақтың көп жері құлазыған далаға айналып кетуі ғажап емес...

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста