Сиырды жедел әрі сапалы саууға мүмкіндік беретін бұл құрылғыны бүгінде Шығыс Қазақстан облысының Күршім ауданы, Үшбұлақ ауылының тұрғындары, ерлі-зайыпты Светлана мен Бақытбек Әзілбаевтар пайдаланып, қызығын көруде.
Светлананың айтуынша, бұл аппарат Кеңес заманында кеңінен пайдаланып, соңғы жылдары ұмыт қалған екен.
- Қытай өндірісі шығарған сауын аппараты бір сиырды 7-10 минут ішінде сауады. Бұл аспапты бізге күршімдік жеке кәсіпкер Жақсыбай Адырышев деген азамат жеткізіп берді. Былтыр жаздай он сиыр сауып шықтым, биыл жеңілдетілген несиеге алынған малды қосқанда жиырманың үстінде сиыр сауатын болармыз деген болжамымыз бар. Сауын сиырлардың санын көбейтіп, тағы да қосымша аппарат алуды көздеп отырмыз. Кәсібіміз кеңейіп жатса, сүт өңдеу цехын ашсақ деген жоспарымыз бар, - дейді Светлана Әзілбаева.
Сиырды жеті-ақ минутта сауатын аппарат
Последние статьи автора