Синоптиктер: Қызылорда, Маңғыстау облыстарын құрғақшылық күтіп тұр

«Қазгидромет» мамандарының болжамынша, мамыр айында жауын-шашын аз болады.

Алайда құрғақшылықтың зардабын тартпайтын өңірлер де бар, деп хабарлайды  КТК арнасы.

Қатты қуаңшылық Қызылорда облысының Қармақшы және Маңғыстау облысының Маңғыстау ауданында күтіледі. Мамандар айдың аяғына дейін ауа райының қатты ыстық болатынын айтады. Дәл осы екі аудан былтыр да құрғақшылықтан зардабын тартқан еді. Соның кесірінен мыңдаған бас мал арам қатты. Кейбір аудандарда табиғи сипаттағы төтенше жағдай режімін жариялауға тура келді. 

Биыл Маңғыстау өңірінде тағы төтенше жағдай енгізілді. Бұған малдың қырылуы емес, толастап жауған жауын-шашын себеп болды. Дегенмен қатты жаңбыр бұл аймақты құрғақшылықтан құтқармайын деп тұр. 

Ал елдің өзге өңірлеріне келер болсақ, мамыр айында Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында орташа құрғақшылық болады. Қалған облыстарда қолайлы ауа райы сақталмақ.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста