Синоптиктер алдағы күндерге ауа райы болжамын жасады

Синоптиктер алдағы күндерге ауа райы болжамын жасады

Кешеден бері Алматыда жауын құйып тұр. Қыстың қаһарына мінер қаңтарында болған мұндай құбылысты синоптиктер оңтүстік астанамыз үшін тосын мінез емес деп отыр.
«Казгидромет» РМК Алматы бөлімшесінің метеорологиялық болжау бөлімінің басшысы Светлана Аманқұлова қаңтардың ортасына дейінгі ауа райы болжамымен бөлісті.

«Желтоқсан мен қаңтар айларында жауынның арты қарға ұласуы Алматы үшін тән құбылыс. Мұндай ауа райы таулы аймақ бөктерінде орналасқан аудандарда жиі болады. Мұнда қыс жылы. Қазір ауа массасы оңтүстік батыстан келіп жатыр. Соңғы күндері Алматы +5+10 градус жылы. 6 қаңтарда жауын-шашын тоқтайды. Түнгі ауа температурасы 3-5 градус болса, күндізгі ауа температурасы 0 градус шамасында болады», - деді Светлана Аманқұлова.

Маманның айтуынша, православтардың «Крещение» мерекесі қарсаңында да Алматыда күн жылы болады. «8-9 қаңтарда жауын-шашын жаумайды. Тағы да оңтүстіктен жылы циклон келіп, жылы ауа райы орнайды. Алматы облысында ең қатты дегенде 7-10 градус аяз болуы ықтимал», - деді С.Аманқұлова.
ҚазАқпарат 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста