Синоптиктер 31 наурызға арналған ауа райы болжамын айтты
![Синоптиктер 31 наурызға арналған ауа райы болжамын айтты](/image/stub.png)
Синоптиктер Қазақстанда 2023 жылдың 31 наурызына арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.
«Қазгидромет» РМК мәліметінше, еліміздің солтүстік, орталық облыстары жауын-шашынсыз, салқын ауа райы күтілетін суық антициклонның ықпалында болады. Қазақстан Республикасының қалған аумағында атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен жауын-шашын, оңтүстік-шығыста – қар аралас жаңбыр, республиканың оңтүстігі мен батысында – қатты жаңбыр жауады.
Синоптиктердің болжауынша, оңтүстікте – өте қатты жел, шаңды дауыл, оңтүстік-батыста – найзағай ойнап, тұман түседі.
"Оңтүстікте, Жетісу, Алматы облыстарының таулы аймақтарында жаңбыр мен қар түріндегі қатты жауын-шашын күтіледі. Түркістан облысының таулы аймақтарында, Батыс Қазақстан облысының басым бөлігінде қатты жаңбыр жауады".«Қазгидромет» РМК
Жетісу, Алматы, Шығыс Қазақстан, Абай, Жамбыл облыстарында қатты жел соғады.
Астанада – көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Шығыстан соғатын жел түнде 3-8 м/с, күндіз 7-12 м/с. Ауа температурасы түнде -7-9°С, күндіз +2+4°С.
Алматыда – көшпелі бұлт шығады, түнде және таңертең жаңбыр жауады. Солтүстік-шығыстан 3-8 жел соғады, күндіз екпіні 13 м/с. Ауа температурасы түнде +3+5°С, күндіз +10+12°С.
Шымкентте – көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Шығыстан соғатын жел солтүстік-шығыстан 8-13, күндіз екпіні 17-22 м/с. Ауа температурасы түнде +10+12°С, күндіз +21+23°С.
![Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре](/storage/news/news_8/content/77ba922a7153e69614c2696d03df2247.jpeg)
![Фанаты "Барыса" получили негативные известия](/storage/news/news_9/content/894e85af4a81fee5581284b173d8de7b.png)
![GTA VI впервые покажут уже в декабре](/storage/news/news_10/content/0f3617646441be5001798ee92b7f5304.jpg)
![Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке](/storage/news/news_11/content/6b8f066a857c9b077df125a9f335fd1a.jpg)
!["Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу](/storage/news/news_12/content/436157d8a12238a4b7bb912aebc1bb8e.jpg)
![Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу](/storage/news/news_13/content/bc8a6eae0f23d162f30b91a3d7c47f59.png)