Шетелдіктердің көмегінсіз-ақ бауыр ауыстыратын болдық

Алматы қаласында төртінші рет бауыр ауыс­тыру операциясы жасалды. Операция 13 са­ғатқа созылып, сәтті аяқталған. Отандық дә­рігерлер жыл соңына дейін тағы бес бауыр ауыстыру және бірнеше жүрек ауыстыру операциясын жасамақ.
Алматы қаласындағы А.Сызғанов атындағы ұлттық ғы­лыми хирургия орталығында тамыздың 25-і күні төр­тінші рет бауыр ауыстыру операциясы жасалды. Ма­мандардың айтуынша, бұған дейінгі операциялар шетелдік мамандардың қатысуымен өткен. Бірақ Еу­ро­па мен Азияның түкпір-түкпіріндегі елдердің тә­жі­ри­бесімен бөліскен отандық хирургтер төртінші опе­ра­цияны шетелдіктердің көмегінсіз жасады. Тамыздың 27-сі күні өткен онлайн-кеңесте ҚР денсаулық сақтау ми­нистрі әріптестерін құттықтап, алдағы уақытқа бе­кі­тілген жоспарларымен бөлісті. Статистикалық мә­лі­мет­тер бойынша, әлемде 1 миллионға шаққанда әрбір 10 адам жүрек ауыстыру операциясына мұқтаж екен. Ал елімізде жыл сайын 150-160 адамның жү­ре­гін ауыстыру қажет. Бауыры ауыратындардың да саны аз ­емес. Дәрігерлердің айтуынша, Қазақстанда бауыр ауыстыру операциясына кезекке тұрғандардың саны 1200-ден асқан. Елімізде ең алғаш рет бауыр ауыстыру опе­рациясы 2011 жылы 9 желтоқсанда Беларусь ма­ман­дарымен бірлесіп жасалған. Ал екіншісі биыл шіл­де­нің 28-і және үшіншісі шілденің 30-ы күні жасалды. Соң­ғы операцияларға жапон мамандары қатысты. Бұл жолы 52 жастағы ер адамға оның 37 жастағы әйелі до­нор болған. Операция 13 сағатқа созылды.
Жеткерген АРЗЫҚҰЛОВ, «А.Сызғанов атындағы хи­рур­гия ұлттық ғылыми орталығы» АҚ бас директоры, медицина ғылымының докторы, профессор: 
Қараша айының соңы мен желтоқсан айының ба­сына дейінгі аралықта екі бірдей бауыр ауыстыру опе­ра­ц­иясы тұр. Ал жыл соңына дейін тағы үшеуін жа­са­уымыз мүмкін. Біз бір емес бірнеше операция жасауға бар күшімізді саламыз. Жапон хирургтерінің бұл жолғы сапары барысында біздің жеті маманның білімін көтеруге қатысты келісімшартқа қол қойдық. Жыл сайын біздің елден жүздеген маман шетелдерде оқи­ды. Сондықтан алдағы уақытта бір жылдың ішінде бұ­дан да көп операция жасаймыз деген үміттеміз.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста