Серік Сәпиев «Қазақстан спортшылары одағы» РҚБ президиумының төрағасы болды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Заманауи мәселелерді жан-жақты шешу, проблемаларды талдау және шаралардың уақтылы орындалуы үшін одақ президиум құру туралы шешім қабылдады. Онда барлық өзекті мәселелер алқалы түрде шешілетін болады.
«Қазақстан спортшылары одағы» РҚБ жалпы жиналысының шешімімен жарғының 5.2 және 5.9-тармақтары негізінде Серік Сәпиевті Қазақстан спортшылары одағы Президиумының төрағасы етіп тағайындау шешілді», - делінген одақ ақпаратында.
Қазақстан спортшылары одағы хабарлағандай, бірлестік жұмысы жаңа деңгейге көтеріліп келеді.