Семейлік өлкетанушылар мамонт тісін тапты
Семей өлкетанушылары Ертіс өзенінің жағасынан мамонт тісін тапты, деп хабарлайды Semeynews.kz.
Өткен демалыста «Прииртышье» өлкетанушылар қоғамының мүшелері Қасиетті бұлақ және Ертіс өзенінің бойына, нақтырақ айтатын болсақ «мамонттар қорымы» деп аталатын жерге кезекті экспедицияға барды.
Өлкетанушылар құмда шығып тұрған мамонт тісін тапты.
«Егер тіс болса, яғни ол жерде мамонттың сойдақ тістері және бас сүйегі бар. Бірақ бұл тұтас тіс емес, тістің фрагменті ғана. Нақтырақ айтатын болсақ, бұл азу тіс. Түріне қарасаң, тіс кішкентай, бұл жас мамонттың тісі болуы мүмкін», – деді «Прииртышье» өлкетанушылар қоғамының төрағасы Марат Сасанов.
Читайте также
Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре
Фанаты "Барыса" получили негативные известия
GTA VI впервые покажут уже в декабре
Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке
"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу
Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу