Шекарашылар қазасына байланысты қаралы күн жарияланды

Абай ОМАРОВ (коллаж)

Президент Нұрсұлтан Назарбаев Алматы облысы «Арқанкерген» шекара бекетінде болған қайғылы оқиғаға байланысты Қазақстанда бүгін бір күндік  ұлттық қаралы күн жариялады. Елбасының бұл туралы мәлімдемесін кеше Президент Әкімшілігінің баспасөз қызметі хабарлады.
«Менің тапсырмаммен қазіргі кезде тергеу жүргізілуде. Оқиға орнында  арнайы комиссия жұмыс істеп жатыр. Мамандар мен комиссия өз қорытындысын жасайтын болады. Біз оқиғаның мән-жайын анықтай­мыз, ұйымдастырушылар мен орын­даушыларды табамыз. Сөйтіп, бұл трагедияға айыптылар тиісті жазасын тартатын болады. Шекарашылар ел­дің шебін қорғау кезінде, қазақстан­дық­тардың тыныштығы мен қауіп­сіздігін сақтау қызметінде тұрғанда қаза болды.  Олар Қазақстанның бей­­бітшілігі мен болашағы жолында қыр­шынынан қиылды. Менің тапсырмам бойынша Үкімет бұл күндері қаза тапқандардың отбас­ы­ла­рына барынша қолдау көрсетіп, қажетті көмектің бәрін жасауда.
Бұл трагедия қаза тапқандардың отбасылары мен ағайын-туғандарын ғана емес, барша қазақстандық­тар­дың қабырғасын қайыстырып отыр.
Сондықтан бір күндік ұлттық қаралы күн жариялаймын» делінген мәлімдемеде.
Шынында, ел шетіндегі, желдің өтіндегі атпалдай 15 азаматтың қа­за­ға ұшырауы – бұрын-соңды бол­ма­ған сұмдық, мемлекет үшін үлкен қасі­рет, қаралы күн. Естеріңізде бол­са, осы өңірде 1969 жылы КСРО мен Қытай шекарасындағы «Жалаңаш­көл» заставасында оқыс оқиға бол­ған-тын. Бізге қарай 100 метрдей еніп кеткен қытай солдаттары кеңес жауынгерлеріне оқ атып еді. Қыр­ғында біздің 2 жауынгер оққа ұшса, 19 қытайлық опат болғаны тарихта мәлім. Одан бергіде шекара бейбіт еді.
Оқиғаны ести салып, шекара отряды орналасқан Үшарал қала­сына тарттық. Бұл мамырдың 31-і еді. Барлығымен ҰҚК ай­налысып жат­қандықтан, жергілікті әкімдік­тен ақ­парат ала алмадық. Ал отрядқа ен­­бек болған әрекетімізден түк шық­па­ды. 2484-әскери бөлімнің бақы­лау өткізу пунктіндегілер есіктерін тас қып бекітіп тастап, бізді мүлде көр­мегендей сыңай танытты. Арқан­кергеннің өзіне жету мүлде мүмкін емес. Шекара отряды мен ол екі орта 190 шақырым болады екен. Оның жар­­тысына автокөлік барса, ары-қа­рай атпен жүру қажет. Екі ортаға тек тікұшақтар қатынап жатыр екен.
Ертесі таң бозынан отряд алдын тағы торыдық. Мұнда енді жер-жерден жеткен біршама халық жиналып қалды. Сұрастыра келе білгеніміз – барлығы әлпештеп отырған баласын әскерге шығарып салып, артынан мынадай жағдайға душар болып отырғандар екен. Сөзге тартып едік, теріс айналды. «Сарап­тама нәтижесі шықпай ештеңе айта алмай­мыз», – дейді.
Әупірімдеп жүріп, ақыры отрядқа да ендік-ау. Күні бойы есік алдында тұрға­нымызды ескеріп, шекарашылар алдымен шайға апарды. Ақыры сұхбаттасудың да сәті түсті. Оқиға орнында жүрген ҚР ҰҚК төр­ағасының орынбасары, Шекара қызме­тінің директоры, генерал-майор Нұржан Мырзалиевтің айтуынша, бұл оқиға мамырдың 27-сінен 28-іне қараған түні болуы мүмкін. «Себебі жауынгерлер ұйқы үстінде өртеніп кеткен секілді. Қызудың қатты болғаны соншалық – екі қабатты темір төсек балқып кеткен. Нәтижесінде үстіңгі қабатта жатқан сарбаз астына түсіп кеткен. Өртенген үй осыдан 60 жыл бұрын қарағайдан салынған. Ғимараттың лап етіп тез өртенуі де сондықтан». Қолда ешқандай дерек пен дәлел болмағандықтан, мұны анау жасады, мынау жасады деп кесіп айту қиын. «Сараптама нәтижелері дайын болмайынша, ол мүмкін де емес» деген генерал-майор біраз жайттың жай-жап­сарын айтып берді. Мәселен, бұған дейін «Арқанкерген» заставасы маңындағы аңшы­лық шаруашылығының күзетшісі сарбаздар жанынан табылды деген өтірік сөз екен. Ол өз үйінен табылған. Алдын ала анықталғандай, ол отты қарудан көз жұмған. Сондай-ақ қызметте болған 15 шекарашының 14-інің фрагменті табылған. «Адамнан түк қалмаған. Бір жерден шынашақтай сүйек тапсақ, енді бір жерден бүтін жілік шығып жатыр. Бірақ оны қолмен ұстауға болмайды, үгітіліп қалады. Сондықтан іздестіру жұмыстары баяулау жүріп жатыр. Оның үстіне үй орны әлі бықсып жатыр. Ауа кірген сайын шоқ астынан от шығады. Табылған адам қалдықтарын біз бірден Астанаға жөнелтіп жатырмыз. Кімнің кім екенін сол жақтағы зертханада анықтайтын болады»,– дейді Мырзалиев мырза.
Айта кетелік, мұнда еліміздің жеті облысының азаматы қызметте болған екен. Постыны оралдық офицер Алтынбек Кереев есімді жігіт басқарыпты. Одан кейін – келісімшарт бойынша қызметте жүрген старшина, аты-жөндері әзірге жарияланған жоқ; ал 13-і Отан алдындағы борышын өтеу­ге келген 1992-1993 жылғы жігіттер екен. Бұл мемлекеттік шекарадан 18 шақы­рым қашықтықта орналасқан застава тек жазды күндері жұмыс істейді. Себебі қыста мұнда қар өте қалың.  Жауынгерлер мұнда мамырдың 10-ында жіберіліпті. Әзірге ондағы 15 жауынгердің 14-інің ғана мәйіті табылып отыр.
Қазір мұнда болған оқиғаға байланысты алыпқашпа әңгімелер көп. Гу-гу сөзге құлақ түрсең, ойың сан саққа жүгіреді. Бір­ақ сараптама қорытындыларынсыз ештеме айту мүмкін емес. Айта кетелік, оқиға орнында қазір өрттің шығу себептерін анықтайтын сараптама, адамның неден өлгенін анықтайтын сот-медициналық сараптама және табылған 15 автоматтан оқ атылған, атылмағанын анықтайтын ба­листикалық сараптама жүргізіліп жатыр.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста