Шайынды су Балқашты шайып кетпесін

Абай ОМАРОВ (коллаж)

1953 жылы Балқаш көлінің солтүстік-шығыс жағалауындағы Тораңғылық бұғазында «Балқаштүстіметалл» өндірістік бірлестігінің және жылу-электр орталығының қалдықтар сақтайтын қоймасы іске қосылды. Аумағы атшаптырым жерді алып жатқан «қоқыс қалашығының» сол дәуірдегі жоспарлы қызмет мерзімі 2010 жылға дейін деп белгіленген екен. Міне, арада 50 жылға таяу уақыт өткенде, осы жылдар ішінде қоймасына кен байыту фабрикасы шығарған қалдықтардың 600 миллион тоннаға таяу қоры, оған қоса 15 мың тоннаға жетеғабыл күл жинақталған қалдық сақтау орталығы биылғы жылы жабылуы керек. Ал ескі қойманы тарс бекітіп, жаңа сақтау орнын ашу туралы жоғарғы жақтан да, балқаштықтар тарапынан да ләм деген пікір ести алмадық...

Балқаш қаласының, Көкше теңіздің экологиялық хал-ахуалы туралы соңғы жылдары жиі әңгіме қозғалып келеді. Бетпақдаланың құмы Табақкеңтақыр атты тасты шөлге ұласатын, солтүстігінде Арқаның ұсақ шоқыларына жалғасар өңірдің шегінде орналасқан мысшылар қаласының экологиялық ахуалы шын мәнісінде сын көтермес жағдайда. Біз жоғарыда мысалға келтірген қалдықтар сақтау қоймасына өнеркәсіптік күл-қоқыспен бірге «Балқаштүстіметалл» өндірістік бірлестігінің кәсіпорындары пайдаланған су да құйылады. Көл жағасынан небары 300 метр жерде орналасып, аумағы 1742 гектарды қамтып жатқан қоймада 30 361,0 мың текше метр шайынды жинақталған. Осынау көлшіктің сапалық құрамын тексерген экологтар көл жағасындағы шайынды суда ауыр металдардың иондалу процесі тұрақты жүріп жатқанын, оның айналаны қоршаған ортаға тұрақты түрде ауысып, таралып жатқанын айтады.

Сусаған халық
Балқаш көлінің жағалауында байыту комбинаты алғаш салына бастаған өткен ғасырдың отызыншы жылдарында академик Қаныш Сәтбаев «Комбинаттың құрылысы дұрыс жобаланбаған» деп жазған болатын. Сол тұста Балқаш мыс-металлургия зауыты құрылысының орнын таңдау жөніндегі Мемлекеттік комиссияның мүшесі бола жүріп, ғалым Қоңырат кенішінің, Балқаш комбинатының ауызсу қоры аздау алапта, теміржол құрылысы әлі тартыла қоймаған кезеңде салынып жатқанын сынаған екен.

Қ.Сәтбаевтың сол дәуірде тілге тиек еткен жайттары уақыт алмаса келе күрделі мәселелерге айналып отырған жайы бар. Жетісудың жеті өзені құятын Балқаш көлінің айдыны табиғат тылсымының күшімен жартылай тұщы, жартылай ащы сулы. Сол қалпымен ауызсу қоры ретінде көл айдыны жарамсыз болғандықтан, балқаштықтар көлге жер астындағы арналары арқылы құятын Тоқырауын өзенінің суын тұтынады. 2008 жылы республикалық бюджеттің қаржыландыруымен құны 1328, 0 миллион теңге тұратын Тоқырауын-Балқаш су жүйесі салынып, қолданысқа берілді. Тоқырауынның құмға сіңіп, көлге жер асты жылғалары арқылы құятын суын сору үшін Төменгі Тоқырауын алабына жеті бұрғы орнатылған. Мамандардың айтуынша, қала тұрғындарын сумен толық қамтамасыз ету үшін жеті бұрғы емес, 46 бұрғы керек екен. Ал Балқаш пен қала маңындағы Қоңырат, Шығыс Қоңырат, Шашубай кенті тұрғындары ауызсу тапшылығын ілгеріден сезініп келеді. Қала іргесіндегі әскери бөлімдер мен Тораңғылық ауылының тұрғындары ауызсуды Балқаштан алдырып ішеді.
Ал Арқаның шағын өзендері қатарынан саналатын Тоқырауын өзенінің де соңғы жылдары арнасы тартылып, жағасындағы тал-бұта сиреп кеткен. Атауының өзі тоқырап ағар момақан жайын меңзеген Тоқырауын Балқаштың 46 бұрғысы бірдей қосылса, тамыры құрғап, талықсып қалатынын да айтады мамандар...

Қураған құбырлар
Тұрғындар тұтынатын ауызсудың мәселесімен бірге мұнда тұрмыста пайдаланылған су шайындылары шығарылатын құбырлар жайы да қалыпты емес. Мысшылар шаһарының барша шайынды суы арнайы құрылғылармен тазартылмаған күйде Көкдомбақ ойпатына құйылады. Көкдомбаққа су айдайтын коллектордың қысым туғызар бөлігі, міне, бірнеше жыл бойы үзіліссіз пайдаланылып келеді. Осы коллектордың едәуір бөлігі темір-бетон құбырлардан жасалғандықтан, аралық суағарлар темірден жасалғандықтан жиі болатын апатты жағдайлар маңайды әбден былғап болған. Қаланы сумен қамтып отырған 165 шақырымдық су жүйесі құбырлары мен 157 шақырымға созылып шарбақталған канализациялық құбырлар сонау 1934 жылы салынған. Қазір бұл құбырлардың 80 пайызы жарамсыз десек те болады. Сондықтан да, Балқашта бір үйдің құбыры жарылса, тұтас тұрғын орамы сусыз қалатын оқиға өте жиі болады.

Осынау орайсыз шаруаның бір ұшы Балқашта құбырларды тазартумен айналысатын мекеменің жоқтығына барып тіреледі. Эколог мамандар бұл орайсыздықты осыдан бірер жыл бұрын «тарихи шешімін күткен мәселе» деп тапқан болатын. Қазір қаланы инженерлік қорғау жүйесіне керекті шаруалар шешімін күтіп, тазалау орталығының құрылысы жүргізіліп жатыр...

Жібек ҚОЙБАҒАРОВА, Балқаш қаласы бойынша мемлекеттік экологиялық инспектор:
– Қала маңында жинақталған тұрмыстық-өнеркәсіптік қалдықтарды залалсыздандыру тарапында, негізгі жұмыстар арнайы полигонда жүргізілуі керек. Мұндай полигон қаладан сегіз шақырым жерде орналасқан. Мұнда тұрмыстық қалдықтан гөрі өнеркәсіптік қалдықтар басым. Осының өзі едәуір мәселе тудырады. Мәселен, аталмыш полигонда қазір 4 298,634 мың тонна өнеркәсіп қалдықтары қордаланса, мұның 4 290,42 мың тоннасы қауіптілігі үш және төрт класты болатын заттар. Өнеркәсіп қалдықтарын залалсыздандыру жұмыстары небары 12 пайызға орындалып отыр. Жалпы, Балқаш аймағындағы зиянды қалдықтарды жою мәселесін шешу үшін салалық және аймақтық үлкен бағдарлама керек. Олай болмаған күйде, экологиялық ахуал жақсара қоймайды...

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста