«Nur Media» ЖШС-нің https://www.azattyq-ruhy.kz/ сайтында 2023 жылдың 19 наурызына белгіленген партиялық тізімдер бойынша, бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және мәслихат депутаттығына кандидаттардың сайлау алдындағы үгіт материалдарын орналастыру үшін интернет-алаңды ұсынуының жалпы шарттары.
«Azattyq Ruhy» ақпарат агенттігінің (бұдан әрі – Сайт) меншік иесі «Nur Media» ЖШС-і «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес партиялық тізімдер бойынша, бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және мәслихат депутаттығына кандидаттардың сайлау алдындағы үгіт материалдарын орналастыру үшін Сайтта интернет-алаңдарды беру шарттары мен тәртібі, төлемақы мөлшері туралы хабарлайды.
Партиялық тізімдер бойынша, бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және мәслихат депутаттығына кандидаттардың сайлау алдындағы үгiті 2023 жылғы 18 ақпанда сағат 18.00-де басталып 2023 жылғы 18 наурыз сағат 00.00-ге дейін жалғасады, осылайша, үгіт материалдары Сайтта көрсетілген мерзімде орналастырылады.
Сайт интернет-алаңды жазбаша өтініш және Сайттың меншік иесі мен Кандидат не Кандидаттың уәкілетті өкілі арасында жасалған Шарт негізінде ұсынады. Үгіт материалдарының саны мен жарияланатын кезеңі Кандидаттың немесе оның уәкілетті өкілінің жазбаша өтінішінде көрсетіледі, олар кейіннен Шартта бекітіледі.
Өтініш Кандидаттардың өтініштерін тіркеу журналында кезектілік тәртібімен әрбір жазбаша өтінішке реттік нөмірі мен келіп түскен күнін беру арқылы тіркеледі.
Жазбаша өтінішке мынадай құжаттар қоса берілуі тиіс:
Кандидаттың тіркелгенін растайтын құжаттың көшірмесі;
Кандидат өкілінің өкілеттігін растайтын құжаттың көшірмесі;
Өтініш берген тұлғаның жеке куәлігінің көшірмесі;
Шарт жасасу үшін тұлғаның өкілеттігін растайтын құжаттар.
Кандидаттардың үгіт материалдарын Сайтта орналастыру кезектілігі жазбаша өтініштердің түсу тәртібімен, не егер өтініштер бір мезгілде келіп түскен жағдайда жеребе бойынша белгіленеді. Жеребе өткізу тәртібі мен шарттарын Сайт айқындайды.
Үгіт материалдары Сайтқа жарияланатын күнінен 1 (бір) жұмыс күн бұрын берілуі керек. Үгіт материалдары ақпарат ұсынып отырған тұлғаның тегі мен қаржыландыру көзі туралы визуалды ақпаратты қамтуы тиіс.
Үгіт материалдарын ұсынған кандидаттар олардың мазмұнының Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына, оның ішінде, авторлық және сабақтас құқықтар саласындағы талаптарға сәйкестігі үшін дербес жауапты болады.
Осы ақпараттық хабарламада көрсетілген шарттар мен тәртіп, сондай-ақ тиісті шарттың ережелері бұзылған жағдайда, үгіт материалдарының эфирге шығарылуы жүргізілмейді немесе бұзушылық жойылғанға дейін тоқтатылады.
Егер үгіт материалдары конституциялық құрылысты күштеп өзгерту, республиканың тұтастығын бұзу, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіру, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық араздықты қоздыру, қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа табыну, сондай-ақ заңнамада көзделмеген әскерилендірілген құрылымдар құру идеяларын қамтитын болса, сондай-ақ оларда партиялық тізімдер бойынша, бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және мәслихат депутаттығына кандидаттардың ар-намысына, қадір-қасиетіне немесе іскерлік беделіне нұқсан келтіретін ақпарат болған жағдайда, Сайт үгіт материалдарын орналастырудан бас тартуға құқылы.
Осы ақпараттық хабарламада көрсетілген интернет-алаңдарды беру шарттары мен тәртібі Қазақстан Республикасының уәкілетті органдарының талаптарына сәйкес түзетілуі мүмкін.
Үгіт материалдарын Сайтта орналастыру құны:
Баннер
Баннер (desktop + mobile): 1000х120, 300х250
Орны: баннерді басты бетте, ішкі парақшаларда орналастыру.
Баннер (desktop): 240х600, 1000х200,
300х200
Орны: басты бет.
Баннер (desktop): 240х400
Орны: ішкі парақшалар.
Баннер (mobile): 300х250
Орны: басты бет, ішкі парақшалар.
1000 көрсетілім үшін құны: ҚҚС-ты қосқанда 1 500 тг.
Ұсынылатын саны: тәулігіне 150 000 көрсетілім.
Мақала
Басты бет, жаңалықтар таспасы
5 000 символға дейін (5 фотодан артық емес, 1 видео)
Құны: ҚҚС-ты қосқанда 720 000 тг.
Айдарлар, жаңалықтар таспасы
5 000 символға дейін (5 фотодан артық емес, 1 видео)
Құны: ҚҚС-ты қосқанда 500 000 тг.
Көлемі асып кеткенде бір символдың құны: 100 тг. ҚҚС-ты қосып.
Материалдардың барлығы «Материалды орналастыру ақысы ..... төленген» деген белгіні қамтиды.
Жасасқан шарт бойынша Сайтта үгіт материалдарын орналастыру ақысы Сайттың меншік иесі жасаған төлем шоты негізінде шот шығарылған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде төленуі керек.
Сайттың меншік иесі партиялық тізімдер бойынша, бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және мәслихат депутаттығына кандидаттардың үгіт материалдарын Сайтта орналастыру туралы жазбаша өтініштерді тіркелген кандидаттардан демалыс және мереке күндерін қоспағанда, 2023 жылдың 17 ақпанынан бастап Астана қаласы, Есіл ауданы, Д.Қонаев көшесі, 12/1 ғимаратындағы (бесінші қабат) 512-кабинетте қабылдайды. Өтініштер жұмыс күндері, күн сайын сағат 09.00-ден бастап сағат 18.00-ге дейін қабылданады.
Факсимильдік және интернет байланысы арқылы жіберілген жазбаша өтініштер қабылданбайды.
«Nur Media» ЖШС-нің бас директоры Б. Мәкен