Саябаққа шағымданған тұрғындарға Жетісай әкімдігі жауап берді

11 наурызда Azattyq Rýhy редакциясына Түркістан облысы, Жетісай ауданына қарасты Асықата ауылдық округі тұрғындары шағымын айтып, «А.Әлімбетов» атындағы саябақты абаттандыру және жарықтандыру жұмыстары үшін бюджеттен бөлінген ақша тиісті дәрежеде игерілмегенін жеткізді.

Саябаққа есімі берілген КСРО батыры, даңқты полковник Абылай Әлімбетовтің ұрпақтары жергілікті әкімдіктен жауап ала алмаған соң, облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев мырзаға БАҚ өкілдері арқылы сауал жолдады.

Azattyq Rýhy сайтында тұрғындардың шағым-пікірі жарық көргеннен кейін Жетісай ауданы әкімдігі ресми жауап берді.

Белгілі болғаны, былтыр 16 сәуір күні мемлекеттік сатып алу порталында Түркістан облысы Жетісай ауданы Асықата кенті Қ.Ысқақов көшесі бойындағы «А.Әлімбетов» атындағы саябақты абаттандыру және жарықтандыру жұмыстарын сатып алу үшін Жетісай ауданы, аудандық экономика және қаржы бөлімі тарапынан № 4167367-2 хабарландыру жарияланған.

2020 жылдың 1 мамырындағы ашылу хаттамасына сәйкес 16 мердігер қатысқан. 28 мамырдағы (2020 жылы – ред.) қорытынды хаттамаға сәйкес, «Сonstruction Group SAMURUK» ЖШС жеңімпаз болып танылған. Қаралған қаражат – 53 599 660, жеңімпаз болған мекеме ұсынған сома – 34 800 000 теңге, 18 799 600 теңге үнемделген.

Алайда, іс мұнымен бітпеген. «QN-Group KZ» және «Prof-Facade» ЖШС өкілдері қорытынды хаттамаға наразылық білдіріп, «Түркістан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті» РММ-ге шағымданған.

«Камералдық бақылау нәтижесі бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы 18.06.2020 жылғы № 6110100000-КПКО-5/6-102532 хабарламаға сәйкес, «Prof-Facade» ЖШС-ның конкурстық өтінімдерін негізсіз конкурстан шеттетілгендігі және «Сonstruction Group SAMURUK», «QN-Group KZ», «Еңбек», «Оркомстроймонтаж», «ИНСТАТ», «КазТрансСтройГаз», «РАДУГА-СН», «Көкше Строй плюс» және «Асем-Жарык» ЖШС-ның конкурстық өтінімдерін негізсіз конкурсқа қатысуға жіберілгендігі атап өтілген. Аталған хабарламаға қарсылықтар жазылған және хабарлама қанағаттандырусыз қалдырылды», - делінген әкімдіктің ресми жауаабында.

Жетісай аудандық әкімдігі берген мәлімет бойынша, аталған хабарламаны орындағаннан кейін 29.07.2020 жылғы қорытынды хаттамаға сәйкес, «Prof-Facade» ЖШС жеңімпаз болып танылған. Аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімімен 30.07.2020 күні – 58 230 605,44 (елу сегіз миллион екі жүз отыз мың алты жүз бес теңге қырық төрт тиын) оның ішінде қосымша құн салығын қоса есептегенде келісім-шартқа тұрған.

«Аталған келісімшарт бойынша, орындалған жұмыстарға сәйкес, Форма 2,3 актісіне қол қойылып қабылданған және тамыз айының 27.08.2020 күні 19 000 000 теңге қаржы аударылған. Біздің бөлімге Түркістан облысы ауданаралық мамандандырылған экономикалық соттан, яғни судья Н.О Таштеновтің шығыс № 5165-20-5-21/8028 17.09.2020 күнгі хаты, екі жақтың келіспеушілігі анықталып болғанша қаржы игеруді және атқарылған жұмыстарды Форма 2,3 тоқтату жөнінде 16.09.2020 қыркүйектегі анықтамасы келген болатын. Сонан соң жұмыс тоқтатылған. Ал 28.10.2020 күні № 2а-1233 санды Түркістан облысы азаматтық істер жөніндегі сот коллегиясының судьясы К.Ж Жаппасованың шығыс №5199-20-3-3/2227 05.11.2020 күнгі хаты, Түркістан облысы ауданаралық мамандандырылған экономикалық сотының, яғни судья Н.О Таштеновтің екі жақтың келіспеушілігі анықталып болғанша қаржы игеруді тоқтату жөніндегі 16.09.2020 күнгі анықтамасының күшін жою бойынша анықтама келген.

24.11.2020 күні Түркістан облысы ауданаралық мамандандырылған экономикалық соттан №5165-20-00-2/2046 іс бойынша №5165-20-5-21/10288 шығыс хаты судья Ғ.Ә.Бектаевтың «Prof-Fasade» ЖШС мекемесінің пайдасына 11 500 000 теңге орындалған жұмыстарға төлеп беру бойынша шешім келді. Осы шешімге сәйкес қаржы аударылды», - деп ақпарат берді Жетісай ауданы әкімдігінің баспасөз бөлімі.

Қаржы аударылды. Алайда, жұмыс неліктен тоқтап тұр? Не себепті сметалық құжатта көрсетілген саябақтағы жұмыстар толық орындалмаған?

«Сметалық құжаттарда көрсетілген жұмыстың кейбір тармақтары «QN Group KZ» ЖШС директоры Д.М.Акимбаевтың арыздануына байланысты орындалмай, қаржысы бюджетке кері қайтарылды. Себебі, жыл соңында бюджеттің тиімді әрі мақсатты орындалуы бойынша есеп берілуі тиіс. Бұдан бөлек келісім шартқа сәйкес, тараптардың жауапкершілігінде көрсетілгендей, егер Тапсырыс беруші өзіне тиесілі қаражатты Орындаушыға Шартпен қаралған мерзімдерде төлемесе, онда Тапсырыс беруші Орындаушыға кешіктірілген әр күн үшін шарттың тиесілі сомасынан 0,1% мөлшерінде тұрақсыздық айыбын (айыппұл) төлейді делінген. Сондықтан келісі-шарт бойынша орындалған жұмыстардың актілеріне (Форма 2,3) сәйкес қаржысы аударылған», - деп хабарлады аудан әкімдігі.

Жетісай ауданы әкімдігінің жауабында «А.Әлімбетов» атындағы саябақта сметалық құжаттарға сәйкес орындалған жұмыстарға игерілген қаржы көлемі - 4 4 500 000 теңге, бюджетке кері қайтарылған қаражат көлемі - 15 532 000 теңге екенін айтылды. «Барлық жұмыс көлемі сметалық құжатқа сәйкес орындалған», деп жауап берді баспасөз қызметі.

Ал, ресми жауаптың іс жүзіндегі орындалған абаттандыру және жөндеу жұмыстарына не себепті сәйкес келмей тұрғаны – тексеруді талап ететін іс.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста