Қостанай облысы Рудный қаласында жылу құбыры тағы жарылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Рудный қаласының Горняков көшесінде жылу құбыры жарылғаны туралы ақпарат қала әкімдігі баспасөз қызметінің Instagram парақшасында жарияланды.
«Рудный қаласында 2023 жылы 26 қаңтарда сағат 14.00-де Горняков көшесі бойында диаметрі 530 мм жылу трассасы жарылды. Салдарынан 24 көп қабатты үй, 59 жеке үй және 16 заңды тұлға жылу желісінен ажыратылды. Жылу желісіндегі жарықтың орны анықталды», - делінген хабарламада.
Ақауды жою бойынша барлық қажетті жұмыстар қарқынды жүргізіліп жатқаны да нақтыланады.