Мадридтік "Реал" памплоналық "Осасунаны" жеңіп, Испания кубогінің иегері атанды. Бұл жөнінде Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Турнирдің финалы Севильяда өтті. Мадридтік жігіттер 2:1 есебімен жеңіске жетті.
Екінші минутта Родриго мадридтіктерді алға шығарса, 58-де Лукас Торро таразы басын теңестірді. Бірақ 70-ші күні Родриго дубль жасап, командасына жеңіс әкелді.
Осылайша мадридтік "Реал" өз тарихында 20-шы рет Испания кубогын жеңіп алды.