Радиоға мың алғыс!

Жайшылықта төрт құбыламыз түгел секілді жүреміз ғой... Қоғамдық өмірімізде күндіз-түні Құдай Тағалаға жалбарынып тілек тілеп,басына салған тағдырдың сынына әлеуметтік көмек сұрап,қолдауға зәру болып жүрген қандастарымыз қаншама...

Соңғы айларда "Қазақ радиосынан" "Мың алғыс" акциясы арқылы қаншама жандарға көмек жасалып жатқаны тыңдарманға мәлім. Бүгін Алматы қаласында,Құрманғазы атындағы академиялық оркестрінің ғимаратында "Қазақ радиолары" ЖШС-нің Алматы филиалының (жетекшісі белгілі журналист Бақыт Жағыпарұлы) ұйымдастыруымен басынан қиын күндер өткізіп жатқан,көмекке зәру бауырымыз Болат Диясты қолдау мақсатында ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ концерті өтуде. Бүгінде 23 жастағы Болат бауырымыз әулетінің тұңғышы екен,11 жасынан бері ауыр науқасқа ұшырап,осыған дейін оншақты ота жасалған,нәтиже шамалы... Бәрі қаржыға тіреліп тұр... Ал негізгі тағдырын шешетін ота таяуда Корея жерінде жасалмақ,қажет қаржы - 19 миллион теңге. Қазақ радиосы сондай ауыр тағдырлар үшін АЛАШ жұртына ұран тастады. Болашақтан үміт үзбей,үзбеу үшін үнемі бір-біріміздің қадірімізге жетіп,қолдап,көмектесіп жүрейік!
Құрманғазы оркестрінің басшылары тегін берген үлкен зал халыққа лық толды. Шараның қайырын берсін!
Қазақ радиосының басшысы Құрманбек Жұмағали бауырымыз бастаған әріптестерге Алла разы болсын!
Қазақ баласының тағдырына алаңдап,сахнаға көтерілген күміс көмей әншілерге МЫҢ АЛҒЫС!

Жанарбек Əшімжанның ФБ дағы жазбасынан

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста