Қызылордада көлік басқару құқығынан айырылған мас жүргізуші ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.
2021 жылдың 26 ақпаны күні түнде Қызылорда қаласының көшелерінің бірінде “Қауіпсіз жол” іс-шарасы барысында патрульдік полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін жеңіл автокөлікті тоқтатты. Автокөлікті басқарып келе жатқан облыс орталығының 25 жастағы тұрғыны болып шықты. Аталған азамат 2018 жылғы 17 мамырда 3 жылға көлік құралын жүргізу құқығынан айырылған. Алайда ол көлікті мас күйінде қайта басқарып, басқа жол қозғалысына қатысушылардың өміріне қауіп төндірді.
Оған қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 346 бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Автокөлік айыппұл тұрағына қойылды.